Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады

Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады

Қазақстан Президентіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің биылғы 9 ай ішінде атқарған жұмыстарының негізгі көрсеткіштері жөнінде есеп берілді,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына жемқорлыққа қарсы заңнамаға түзету енгізілгені және Дүниежүзілік банктің жемқорлықты бақылау индексіндегі еліміздің көрсеткіші айтарлықтай жақсарғаны туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жемқорлыққа қарсы саясатын халықаралық стандарттарға сәйкес кешенді әрі дәйекті түрде жаңғыртуды жалғастырудың маңызды екенін атап өтіп, жемқорларды шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тарту туралы тапсырмалардың сапалы жүзеге асырылу және мемлекеттік қызметшілер, депутаттар мен судьялар үшін шетелдік шоттарының болуына тыйым салу қажеттігіне назар аударды. 

Кездесу соңында Президент алдын алу жұмыстарын тиімді жүргізудің және бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуына жүйелі бақылау жасаудың маңызды екенін айтты. Бұл пандемия кезінде өте өзекті болып табылады.