Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде жұмыртқа 30% қымбаттады

Елімізде жұмыртқа 30% қымбаттады
  • Елімізде жұмыртқа 30% қымбаттады.
  • Мектептегі кітапхананалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесі жол картасына енгізілді. 

Шетелдік ЖОО студенттері де медициналық қызметтерді тегін ала алады. Бұл туралы Білім және ғылам министрлігі хабарлады. Студенттер сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебесін растау үшін «электрондық үкімет» порталында тіркеуден өтулері қажет. Нәтижесінде, олар МӘМС аясында жеңілдіктер санатына енгізіледі. «10 күннің ішінде «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» қызметін 250-ге жуық адам пайдаланған. Ендігі кезекте олар медициналық қызметтерді тегін ала алады», – деп жазды Білім және ғылым вице-министрі Рүстам Биғари Facebook-тегі парақшасында.

***

Мектеп кітапханашыларының әлеуетін көтеруге ерекше мән беріледі. Бұл туралы ҚР БҒМ «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсенбаев мәлім етті. «мектеп кітапханашысын педагог-кітапханашы деген атаумен өзгерту ұсынылып отыр. Ол бағытта Білім министрлігінің бұйрығына өзгерістер енгізу жұмысы басталды. Сонымен қатар, мектеп кітапханашыларының біліктілігін көтеру бағытында жұмыстар іске асырылуда. Кітапханалардың әлеуетін қарап шықтық, олардың жағдайы сын көтермейді. мектептегі кітапхананалардың материалдық-техникалық базасын күшейту мәселесін де жол картасына енгіздік», - деді орталық басшысы.

***

Қолдарында ПТР тестің анықтамасы жоқ болса да жолаушыларды ұшақтарына отырғызатын әуе компанияларына әкімшілік шара қолданылады. Өткен түнде коронавирусқа қарсы тестің нәтижесі жоқ 42 адамды ұшаққа отырғызғандары үшін кей әуекомпанияларына қазір тиісті шара қолдану көзделіп отыр деп жазады 24 кз сайты. Бүгіннен бастап өзге мемлекеттерден елімізге келетін азаматтарда ПТР тестің анықтамасы болмаса, олар ұшаққа отырғызылмауы тиіс. Мұндай талап тек сырттан келетін рейстерге қатысты.

***

8 айдың қорытындысы бойынша, елімізде жұмыртқа өндірудің көлемі 8%-ға азайып, ал бағасы 30% қымбаттады. Бұл туралы елордада «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жаңа бағдарламаның тұжырымдамасы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының басшысы Максим Божко айтты. Оның сөзігн қарағанда, өткен жылы Үкімет Қазақстанда жұмыртқа қажетті мөлшерден көп өндірілетінін, сол себепті құс фабрикаларына субсидия төлеуді тоқтатуға болатынын айтқан. Соңғы екі жылда бизнестің табыс деңгейі нөлден төмен түсіп кетті. Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидияны екі есе қысқартып тастады. Одан бөлек құс тұмауы эпидемиясы болды. Осы орайда біз мемлекеттен қолдау күтеміз, себебі құстар саны мен өндіріс көлемін қалпына келтіруіміз керек», - дейді ҚР Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының басшысы.