Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 18.11.2020

Қорытынды жаңалықтар 18.11.2020

18 11 20 19 00

• Сенат алдағы 3 жылдық бюджет туралы заң жобасын қарады. 

• Министрліктегі жауапты хатшылардың міндетін енді кім атқарады?

• Қазақстан мен Ресейдің экология министрлері Жайық өзені проблемасын талқылайды. 

• Мұнай өнімдері өндірісі 12 процентке азайды.

• Амман қаласындағы көшелердің біріне Абайдың есімі беріледі. 

• Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея әлемдегі ең ірі еркін сауда аумағын құрады.

• Zoom-ның негізін қалаушы қыруар ақшасынан айырылды. 

• Арман Әшімов UFC ұйымымен келісімшартқа отырды. 

Сенатта қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда «ҚР Ұлттық қорынан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» және «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» екі заң жобасы талқыланды. Сенаторлардың айтуынша, еліміздің алдағы 3 жылға арналған бюджеті мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемесі ескеріліп жасалған. Экономикадағы күрделі кезеңге қарамастан, елімізде қолжетімді тұрғын үй, жол құрылысы, өңірлерді дамыту жөніндегі бағдарламаларды іске асыру жалғаса береді, жәрдемақылар мен зейнетақылардың бәрі төленеді, кәсіпкерлікті қолдауға да қаржы салынған. Пандемиямен күресу және басқа да ауруларды емдеу үшін дәрігерлік мекемелерді қамтамасыз ету басым бағыт болып қала береді. «Үш жылдық кезеңде бюджеттің негізгі бөлігі әлеуметтік салаға бөлінеді. 

*****

Мәжілісте жауапты хатшылар институтын оңтайландыру қолдау тапты. Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолауындағы жауапты хатшылар институтын жою туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген. Қазір оларды тікелей Президент тағайындайды, олардың мәртебесі жоғары, - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова депутаттарға құжатты ұсына отырып. Оның айтуынша, түзетулер қабылданғаннан кейін жауапты хатшының міндеті министрлер тағайындайтын және оларға есеп беретін аппарат басшыларына жүктеледі.

*****

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресей Федерациясының табиғи ресурстар министрі Александр Козловты Жайық өзені проблемасын талқылауға шақырды. Бұл туралы экология министрінің халықпен онлайн-кездесуі кезінде белгілі болды. Қабылдау барысында Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Алексей Свечников Жайық өзенінің тартылуы туралы сұрақ қойған еді. Мағзұм Мырзағалиев ресейлік әріптесімен кездесу туралы келіскенін айтты. 

*****

Елімізде мұнайдан өндіретін отынның өндірісі 12 процентке азайды. Бұл туралы «Энерджипром» хабарлайды. Әсіресе, керосин 36%-ке, мазут 27%, дизельдік отын 6,5%-ке аз өндірілді. Биыл жол битумына көп назар аударылған. Себебі сұраныс артып келеді. Жыл басынан бері жалпы көлемі 9 млн тоннадан аса өнім өндірілген. Өнімнің дені Атырау, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласына тиесілі. Қазіргі күні 1 литр АИ 92 бензині Атырауда 145 тг, Шымкентке 148 тг-ден сатылып жатыр. Қарағандыда 149 тг болса, Қызылордада 150 тг. Өскемен мен Елордада 152 тг, ал Павлодардан АИ-92-ні 155 теңгеге сатып аласыз. 

*****

Амман қаласындағы көшелердің біріне Абайдың есімі беріледі. Қазақстанның Иорданиядағы елшісі Айдарбек Тұматов Амман қаласының мэрі Юсеф аш-Шауарибпен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар Нұр-Сұлтан әкімдігі мен Амман муниципалитеті арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын, сондай-ақ екіжақты бастамаларға қолдау көрсету мәселесін талқылады. Айта кетейік, Ел астанасындағы көшеге Абай Құнанбайұлының есімі Қазақстан тәуелсіздігі күні қарсаңында беріледі. 

*****

Азия-Тынық мұхиты елдері әлемдегі ең ірі еркін сауда аумағын құрады. Экономикалық әріптестік туралы құжатқа 15 мемлекет қол қойған. Оларға жаһандық экономиканың 30 проценті тиесілі әрі мұнда 2 млрд-тан аса тұтынушы бар. Бұл – Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея арасындағы алғашқы ірі келісім. Сарапшылардың пікірінше, мұндай серіктестік АҚШ пен Қытай арасындағы ұзаққа созылған сауда соғысын тежеуі мүмкін. Оған қоса еркін сауда аумағын құру арқылы өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өнімдеріне салынатын баж салығы төмендейді. Осы арқылы індеттің беті қайтқан соң экономикалық ахуал реттеледі. 

*****

Zoom бейнеконференциясы жүйесінің негізін қалаушы Эрик Юаннің байлығы 4,2 млрд долларға азайды. Пандемия кезінде тасы өрге домалаған компания акциялары қарашада 25 процентке құлады. Осы аптада жағдайды сәл реттегеннің өзінде құн 19 процентке төмендеген. Американдық «Форбстың» хабарлауынша, фармацевтикалық алып Pfizer (Пфайзер) өзінің коронавирусқа қарсы вакцинасының 90 процентке тиімді екенін жариялағалы акциялары бірден шарықтап кеткен. Бұл ұйым қордағы өнімдердің 80 процентін сатып үлгерген. 

*****

Үздік қазақстандық файтерлердің бірі Арман Әшімов UFC-мен келісімшартқа отырды, деп хабарлады Prosports.kz. Бұл жайлы Arlan MMA Pro Team командасының жаңадан сайланған басшысы Дархан Бәкенов мәлімдеді. «Арман UFC ұйымымен келісімшартқа отырды. Жақында осы ұйымның атынан жекпе-жекке шығуы керек, - деді Дархан Бәкенов.