Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанға жымқырылған 40 миллиард теңге қайтарылды

Қазақстанға жымқырылған 40 миллиард теңге қайтарылды

Қазақстанға жымқырылған 40 миллиард теңге қайтарылды

 Биыл Қазақстанға 40 миллиард теңгенің жылыстатылған активтері қайтарылды. Бұл туралы ведомствоның бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша өткен алқаның кеңейтілген отырысында Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді
Б. Асылов активтерді қайтару және оларды заңды экономикалық айналымға қосу жұмыстарына жеке тоқталды.
"Биыл 40 миллиард теңгенің жылыстатылған активтері қайтарылды: оның 37,7 миллиарды – ақшалай, 2,3 миллиарды – мүлік түрінде", - деп хабарлады Бас прокуратура.
Арнайы мемлекеттік қор есебінен 39 әлеуметтік нысан ашылды: Ақтаудағы жедел медициналық көмек станциясы, Шымкенттегі оқушылар жатақханасы, Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы футбол стадионы, Балқаш әуежайын реконструкциялау және басқа да жобалар.
Бұған дейін мемлекетке бұрынғы министр Мұхамедиұлына қатысты 1,3 миллиард теңгенің активі қайтарылды. Сөз бұрын экс-шенеунікке қатысы бар компанияның заңсыз иелігінде болған "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС-нің 100 пайыздық үлесі туралы болып отыр.

Фото: depositphotos.com