Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Еліміздің басым бөлігіне аяз түседі

Еліміздің басым бөлігіне аяз түседі

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай елордада отшашу болмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева айтты. Ал, City Transportation Systems (CTS) компаниясының ресми мәліметінше, ертең елорданың қоғамдық көліктері қалыпты режимде жұмыс істейді. Сондай-ақ, мейрам күнінде қаланың сауда, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмысын жалғастырады. Бұл нысандарға сенбі күні де жұмыс істеуге рұқсат бар. Елорданың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, сауда үйлері, сауда, ойын-сауық орталықтары сенбіде сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Жексенбі күні олардың жұмыс істеуіне тыйым сақталады.    

***

Өткен тәулікте ел аумағына 20 халықаралық әуе рейсі келді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, 2 746 жолаушының ішінде 288 адамның қолында анықтамасы болмаған. Олардың барлығы ҚР азаматтары. Жолаушылар бірден карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 288 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті, - делінген хабарламада.

***

ШҚО –да қазан айының басынан бері мониторнигтік топ рейд өткізіп, кәсіпкерлер мен тұрғындарға әкімшілік айыппұл салғанымен той өткізушілер саны азаймай тұр. Үш күн бойы тексеру жүргізген топ өкілдері Семейдің мейрамханалары мен дәмханаларында той мен еске алу шараларын өткізудің бірнеше фактісін анықтаған. Көпшілік жиналатын шараларды өткізуге деген тапсырыстар тоқтаусыз қабылдануда. Ал ақшаға құнығып, тәуекелге барған кәсіпкерлер тіптен өз қызметтерінің бағаларын да көтеріп жіберген. Шаралар есікті іштен іліп алу, көліктерді алысқа тұрақтату, музыканы қоспау сияқты амалдарды қолдана отырып өткізілуде. Қазан айының басынан бері мамандар шамамен 120 рейд өткізіп, полиция қызметкерлері күн сайын мейрамхана және дәмхана иелеріне, сонымен қатар шараны ұйымдастырушыларға хаттамалар толтырып, материалдар рәсімдеп отырды. Өкінішке қарай, салынған айыппұлдар сомасы миллиондап кеткенімен, санитарлық талаптарды сақтамау фактілері тыйылар емес,-деп хабарлады Алтайньюс. 

***

Алматы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 25-28 қараша аралығында 184 нысанды тексерді. Оның ішінде 36 обьектіде карантиндік режимді бұзу фактілері тіркелді. Кәсіпкерлік субъектілерде негізінен залалсыздандыратын заттар болмаған, жұмыс істеу және бетперде режимі сақталмаған. Көңіл көтеретін орындарды тексеру барысында ережені елемей келгендер анықталды. Атап айтқанда, «Парваз» кафесі , «Алтын Алтай» лагманханасы және «Цех» бары ережені бірнеше рет бұзған.

***

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігіне аяз түседі. Қазгидромет 1-3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Мәліметке сәйкес, Моңғолиядан жылжыған антициклон салдарынан республиканың басым бөлігіне аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыста циклон әсерінен қар жауады. Еліміздің кей жерлерінде көктайғақ, тұман түсіп, жел күшейеді», - делінген хабарламада.