Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 12.01.2021

Қорытынды жаңалықтар 12.01.2021
  • Елбасы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады.
  • Солтүстіккореялық шенеуніктер алғаш рет жиында маска тағып отырды. 
  • Оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқиды?
  • БҒМ мектепте смартфонға шектеу салуы мүмкін. 
  • Дания банктері халыққа 0% ипотека бере бастады. 


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады, деп хабарлайды Елбасы сайты. Кездесу барысында биыл Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қатысуымен өтетін сыртқы саяси іс-шаралардың кестесі қаралды. Алдағы уақытта өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің және Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативті кездесулеріне ерекше назар аударылды, Нұрсұлтан Назарбаев бұл кеңестердің Құрметті Төрағасы.

***

БҒМ мектепте смартфонға шектеу салуы мүмкін. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ-дегі брифингте мектептерде смартфон пайдалануға шектеу енгізуді көздейтін бұйрық жобасына қатысты сұраққа жауап берді. – Бұл бұйрық қоғамдық талқылау үшін шығарылып отыр. Бұйрық талқыланып болғаннан кейін біз ұсыныстар мен пікірлерге қарап, міндетті түрде тиісті өзгертулер енгіземіз, – деді Шолпан Каринова. Оның сөзінше, мұндай жұмыс бұл бұйрыққа ғана қатысты емес, министрлік шығаратын барлық бұйрық бойынша жүргізіледі. – Телефон пайдалануды шектеу мәселесі көптен бері талқыланып келеді. Әрі тек біздің елде ғана емес. Түрлі пікір бар. Біз бұл мәселені әлі де зерттеп, түпкілікті шешім қабылдаймыз, – деді вице-министр.

***

Елдегі оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқиды? Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мектептер жұмысына қатысты маңызды жайттарды атап өтті. 

***

Нұр-Сұлтанда қосымша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін, - деп хабарлайды қала әкімдігі. Қаңтардың алғашқы онкүндігінде елорда "сары" және "қызыл" аймақтардың шекарасында тұр. "Қазір қала "сары аймақта" орналасқан. Алайда сырқаттанушылар санының өскені байқалады. Сондай-ақ айрықша атап өтерлігі дәрігерлерге өздігінен қаралатын халықтың үлесі артып келеді. Бұл тұрғындардың жауапкершілігі жоғары екенін және коронавирус инфекциясының салдарына алаңдайтынын көрсетеді. Өз бетімен ем-дом қолдануға болмайды. Қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова науқастар саны өсуі жалғасқан жағдайда қосымша шектеу шаралары қабылданатынын айтты.

***

Қазақстанның үш облысында жолдар жабылды. Ауа райының нашарлауына байланысты автожолдардағы қозғалысқа шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Солтүстік Қазақстан облысында - барлық бағыт бойынша. Қостанай облысында Сарыкөл кентінен Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске; Мамлютка-Қостанай (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасынан Ұзынкөл ауылына дейінгі учаске жабық. Ақмола облысында Көкшетау-Рузаевка; Көкшетау-Омбы, Нұр-Сұлтан-Петропавл және Макинск-Ақсу-Торғай (Макинск селосынан Торғай селосына дейінгі учаске жабық тұр.

***

Елордада бұрқасын салдарынан республикалық маңызы бар жолдардағы қозғалыстың шектелуіне байланысты қала маңына қатынайтын 302, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317 бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы CTS компаниясы хабарлады.

***

«Ұлы тұлғалардың аналары». Осындай атаумен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану докторы, профессор Арыстанбек Мұхамедиұлының кітабы жарық көрді. Кітаптың тұсаукесерінде сөз алған Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл кітапта ұлы тұлғалардың өмірбаяны емес, оны баптап, өсірген аналардың еңбегі жазылған. 

***

Солтүстіккореялық шенеуніктер алғаш рет жиында маска тағып отырды. Партия съезіне қатысып жатқан Солтүстік Кореяның ресми өкілдері алғаш рет маска тағып шықты, - деп хабарлайды Yonhap. Делегация өкілдері арасында арақашықтық сақталмаған, алайда оның барлығы маска тағып отыр. Әскери іске қатысты консультациялық жиындар шағын бөлмелерде өткен. Солтүстік Корея елде коронавирус тіркелмегенін айтады, алайда былтырдан бері ел билігі шекараларды жауып, қозғалысқа қатысты қатаң шектеу шараларын қабылдаған. Одан бөлек, ел билігі карантин режимін бұзған адамды көпшілік алдында өлім жазасына кескен еді.

***

Даниялық Nordea Bank AB банкінің баспана алуды қаржыландыру бөлімінің клиенттері бүгіннен бастап 0 пайыздық ипотекалық несие ала алады, деп хабарлайды zakon.kz bloomberg-ке сілтеме жасап. Дания – Орталық банкінің ставкаларын ең ұзақ уақыт бойы минусқа жіберіп отырған мемлекет. Олар мұндай тәжірибені 2012-ші жылы бастаған. Қазір Nordea банкінің 0 пайыздық ипотека беру тәжірибесіне Данияның басқа банктері де көшіп жатыр.