Қостанай облысында 380 миллиард теңгеге жел электр станциясы салынады
Қостанай облысында 380 миллиард теңгеге жел электр станциясы салынады
Қостанай облысында құны 380 миллиард теңге болатын ең ірі жел электр станциясы салынады.
Үкіметтің мәліметінше, жоба 2027 жылдың көктемінде басталып, 2029 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
“Жаңа станцияның қуаты 1000 МВт болады. Сонымен қатар өндірілген электр энергиясын жинақтайтын қуаты 300 МВт жүйе орнатылады. Яғни жел күшейген кезде өндірілген энергияны жинап қояды. Кейін қажет уақытта пайдалануға мүмкіндік болады”, – делінген хабарламада.
Жел электр станциясын "Turan Wind Energy" компаниясы салады. Құрылысқа шамамен 380 млрд теңге инвестиция салынады. Жобаны іске асыру барысында 750 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Жоба өңірдегі электр энергетикасының дамуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды арттыруға бағытталған.
Фото: pexels.com