Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Ленин атындағы» шахтасында апат болды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Ленин атындағы» шахтасында апат болды

13 қаңтарда сағат 21.53-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Ленин атындағы» шахтасында апат болды, деп хабарлайды ТЖМ.

«Апат болған кезде үш жұмысшы, атап айтқанда бұрғылау қондырғысының машинисі, машинистің көмекшісі, сондай-ақ желдету және қауіпсіздік техникасы учаскесінің тау-кен шебері ұңғыма түбінде барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан. Төтенше оқиға салдарынан тау-кен шебері мен машинистің көмекшісі апат орнынан дереу кетіп қалды, ал машинист ұңғыма түбінен шыға алмады», - делінген хабарламада.

Апат кезінде шахтада үшінші ауысымның 137 қызметкері болған. Олардың 136-сы жер бетіне шығарылды.

«Кәсіпорынның авариялық-құтқару қызметі келгеннен кейін дереу шахтаға түсті. Сағат 23.00-де аэрогазды бақылау аппаратурасының көрсеткіштеріне сәйкес шахтаның тау-кен қазбаларындағы газ жағдайы қалыпқа келді. Авариялық-құтқару қызметінің бөлімшесі ұңғыма түбіндегі тау-кен массасын тазалауда. Зардап шеккен бір адамды іздестіру жұмыстары жалғастырылуда. Іздестіру жұмыстарына шахтаның 17 қызметкері мен авариялық-құтқару қызметінің екі бөлімшесі (16 адам) жұмылдырылды»,- деді ТЖК.

Шахтада болған жазатайым оқиғаны тергеу жөнінде арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі хабарлады.

«Ленин атындағы шахтада болған жазатайым оқиға фактісі бойынша Қарағанды облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторының өкімімен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган өкілінің төрағалығымен комиссия құрылды, оның құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы, кәсіподақ ұйымының өкілі және жұмыс беруші енгізілді. Оқиғаның мән-жайлары мен себептері жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін айқындалып, ол туралы қосымша хабарланатын болады», - делінген әкімдік хабарламасында.