Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 22.01.2021

Қорытынды жаңалықтар 22.01.2021

Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады. Мемлекет басшысына өңірлердегі эпидемиялық жағдай туралы, соның ішінде, карантин шараларының күшейтілуі және ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің қолда бар ресурстары жайында мәлімет берілді. Алексей Цой COVID-19 вирусын жұқтырғандар санының көбеюіне қарамастан, еліміздегі ахуалдың бақылауда тұрғанын және медициналық қызметтің азаматтарға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойға эпидемиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды, халықты уақытылы әрі толық құлақтандыру жұмыстарын сапалы ұйымдастыра отырып, жаппай вакцина егуге дайындықты тиісті дәрежеде қамтамасыз етуді тапсырды.

***

Ертең сағат 9-дан бастап елде зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдана бастайды. Ол www.enpf-otbasy.kz сайтында қабылданада. Бұл туралы «Отбасы банкі» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты. Оның айтуынша, азаматтар зейнетақының бір бөлігін екінші нарықтағы баспананы алуға да, жаңа үйді де сатып алуға жұмсай алады. Ләззат Ибрагимова зейнетақының бір бөлігін алу тәртібіне сәйкес, туыс адамдар бір-бірінен үй сатып ала алмайтынын да жеткізді.

***

Зейнетақының бір бөлігін емделуге жұмсау ережелері осы айының соңына дейін дайын болады. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты. «Біз әзірге тек бірыңғай оператор функциясын атқаруға келісім бердік. Сол себепті Үкімет қаулысында емделуге байланысты төлемнің бәрі «Отбасы банк» арқылы өтетіні нақты жазылған», - деді ол. Айтуынша, Қазіргі таңда бұл мәселе мемлекеттік органдармен талқыланып жатыр. Содан кейін Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы Әділет министрлігіне тіркеледі.

***

«Бекітілген ережелерге сәйкес, зейнетақының шекті мөлшерінен артық соманы депозитке салып қоюға рұқсат жоқ. Бұл туралы «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев айтты.

***

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматы қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу кезінде онлайн петиция бірыңғай институтын қалыптастыруға бағытталған өзгерістер туралы заң жобасының негізгі бағыттарын атады. Белгілі болғанда заңнамада петиция сөзіне түсініктеме беріледі, петицияны ұсыну, қарау тәртібі бекітіледі. Петиция түскенше мемлекеттік орган құжаттың талаптарға сай / сай еместігіне бақылау жүргізеді. «Мәселен, мәтінде балағаттау, қаралау немесе экстремистік мақсатқа шақыру, әлеуметтік, ұлтаралық, діни алауыздыққа апаратын сөз болмауы керек. Басқару формасын өзгерту, Республикалардың әкімшілік территориялық құрылымын өзгерту, әділ сот, рақымшылық тағы басқа тақырыпта петиция болмайды. Тыйым салынған тақырыптар «Референдум туралы Заңының» негізінде бекітілген», - деді Аида Балаева.

***

Ертеңнен бастап Қарағанды облысында карантин шектеуі күшейтіледі. Өңірдегі ауданы 2 мың шаршы метрден асатын сауда орталықтарының жұмысына тыйым салынады, демалыс күндері қалааралық автобустардың қозғалысы тоқтатылады. Бұл туралы өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин мәлімдеген еді. ХҚКО, банк және «Қазпошта» бөлімшелері 09.00-ден 18.00-ге дейін істейді.

***

Елордада COVID-19 инфекциясының өсімі байқалады. Індеттің өсуі қала тұрғындарының әлеуметтік қашықтық ережелерін және басқа да санитарлық талаптарды сақтамауларынан болып тұр. Осыған байланысты рейдтер күшейтілмек. «Егер халық арасында жұқтыру саны артатын болса, біз қатаң шектеу шараларын кезең-кезеңмен немесе бірден енгізуге мәжбүр боламыз. Елордадағы эпидемиологиялық жағдай қазір «тұрақсыз», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

***

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар бір тәулікте 111 адамға көбейді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлағандай, қауіпті індетке шалдыққандардың басым бөілігі Теңіз кенішінде тіркелген. Облыстық инфекциялық стационарда 103, аудандардағы стационарларда 41, ал, Теңіз кенішіндегі стационарда 848 адам емделіп жатыр» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

***

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «Қазақавтожол». Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 159-239 шақырымы аралығы, Кенен ауылынан Қордай ауылына дейін, Айша бибі аулынынан Түркістан облысының шекарасына дейін, Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейін шектеу енгізіледі. 23-25 қаңтарға ел аумағында күн суытып, аяз көтеріледі. Оңтүстік аймақтарда -10...-20℃ дейін, солтүстік аймақтарда -32...-40℃ дейін аяз болады.