Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 25.01.2021

Қорытынды жаңалықтар 25.01.2021
  • «Қызыл» аймақтағы Қостанай облысы қосымша шектеу шараларын енгізеді. 
  • «Cerebra» инсультты ерте анықтауға көмектеседі. 
  • «Дю Солей» циркінің ұстанымын қазақстандық цирк те қолдады. 
  • Қазақстандықтар экономикалық одаққа мүше елдерден келген автокөлікті қай уақытқа дейін тіркеуі тиіс?
  • Баланың қайда жүргенін анықтауға мүмкіндік беретін жүйе іске қосылады.
  • Бір апта ішінде 1 152 техника утилизацияға тапсырылды. 


«Қызыл» аймақтағы Қостанай облысында бүкіл оқушылар қашықтан оқиды. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов КВИ-дің таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысында айтты. Штаб отырысында Қостанай және Рудный қалаларының әкімдері індеттің таралуы бойынша қазіргі ахуалды баяндады. Өкінішке қарай өңірде тек соңғы күндері індеттің таралуы өршіді. Бір күнде екі жүзге жуық адамнан коронавирус анықталған жағдайлар жиілеген. Осыны ескере отырып, қолданыстағы шектеу шараларынан басқа, қосымша шектеулер енгізіледі. Облыс мектептері екінші тоқсанға ұқсас оқыту форматына көшіріледі. Ал 5-9 және 11 сынып оқушылары қашықтан білім алады. Ақпан айында коронавирусқа қарсы вакциналау басталады. Вакцина – ресейлік өнім, - деді облыс әкімі.

***

Қазақстанда баланың қайда жүргенін анықтауға мүмкіндік беретін жүйе іске қосылады. ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, Bluetooth желісінде жұмыс істейтін трекерлерді мониторингілейтін мобильді қосымша ата-аналардың смартфонына орнатылады. Ал трекерді баланың киіміне немесе мектеп сөмкесіне жапсырып қоюға болады. Баламен байланыс жоғалған жағдайда ата-аналары қосымшаның трекер шамшырағын іздеу режимін қосады. «Сонымен қатар жүйе Жедел басқару орталығымен ықпалдастырылған. Демек, баланы іздеу туралы дабыл автоматты түрде полицияға да түседі», - деген Нұрділдә Ораз соңғы бір аптада елімізде 3000-нан астам қылмыс жасалғанын айтты. 

***

Армениялық көлікті уақытша тіркеу үшін берілген уақыттың аяқталуына бір айдан сәл асатын уақыт қалды. Алайда Нұр-Сұлтан мен Ереван қай ел көлік иелерін салықтан босататынын әлі шешкен жоқ. Бұл көліктер Қазақстан аумағында жүргендіктен, ұсыныс Армения тарапына екі рет жасалған, деп хабарлайды baq.kz. Бастапқыда келіссөз кезінде Армения премьер-министрі осы мәселені реттеуге ауызша сөз берген еді. Бірақ Әзірбайжанмен болған жанжал салдарынан іс ұзаққа созылған. Қазір Қазақстан Армения тарапынан жауап күтуде, – деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары. Олардың сөзінше, мәселе әлі шешілмеді, сондықтан сары нөмірлі армениялық көлік мініп жүрген ел азаматтарының екі елге салық төлеуіне тура келеді. Еске сала кетейік, қазақстандықтар экономикалық одаққа мүше елдерден келген автомобильді 1 наурызға дейін тіркеуі тиіс.

***

Қазақстанда 11 қаңтардан бастап утилизацияға ескі көліктер қайта қабылдана бастады. Алғашқы аптаның өзінде қабылдау бекеттеріне 1 152 техника жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда 856 жеңіл автокөлік, 289 жолаушы және жүк көлігі, сондай-ақ 7 ауылшарушылық техникасы тапсырылды. Көлік тапсырған азаматтарға 322 млн. 800 мың теңге қаражат төленді. Еске сала кетсек, 8 қаңтардан бастап Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Талдықорған, Шымкент қалаларында, 1 ақпаннан бастап Павлодар, Алматы және Тараз қалаларында ескі техникаларды өткізуге болады.

***

ТМД және Қазақстан бойынша тұңғыш рет Алматы қалалық 7-ші клиникалық ауруханасында жасанды интеллект көмегімен инсультты ерте анықтаудың радиологиялық бағдарламасы енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматылық жас ІТ-мамандардың жасап шығарған жаңа жобасын алғаш болып осы аурухана енгізді. Әзірге жүйе пилоттық режимде істейді, алайда жасанды интеллектің көмегі тиген алғашқы пациент те бар. Дәрігерлер ишемиялық инсульт алған 71 жастағы пациентке жасанды интеллект көмегімен бірінші операция жасады. Автоматтандырылған платформа инсульттың бар-жоғын 5-10 минутта анықтап береді және тез арада бас миының қан тамырларындағы өзгерісті көрсетеді. Жақын арада «Cerebra» жобасын Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының басқа да ірі клиникаларында енгізу жоспарланып отыр.

***

Шымкент қаласының циркі нөмірлерінде аңдарды пайдаланудан бас тартады. "Шымкент-цирк" жаңа бағдарламасын Instagram желісіндегі парақшасында таныстырды. Цирк өкілдерінің сөзінше, әлемнің 45-тен аса елі цирктерде жабайы аңдарды пайдалануға толығымен тыйым салды. Енді цирктің бағдарламасында Клоунада және шапито, Шабандоз және каскадер, жонглерлік ету және эквилибристика, әуе гимнастарының өнерін тамашалауға болады. Цирктің жаңа эксперименттік бағдарламасы Наурыз мерекесі аясында, сондай-ақ қазақ балуаны және цирк әртісі Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай "Дю Солей" циркінің үздік әдістемелерін пайдалана отырып таныстырылады.