Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 24.02.2021

Қорытынды жаңалықтар 24.02.2021

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Онда 7 күн бойы «жасыл аймақта» тұрған өңірлерде 1 наурыздан бастап цирктердің, бильярд клубтарының, балалар ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Оның толымдылығы 30%-ға дейін ғана болу керек. Спорттық іс-шараларды өткізуге болады. Ас беру рәсіміне 50 адамға дейін шақыруға болады. 7 күн бойы «сары аймақта» болған өңірлерде 1 наурызынан бастап жабық базарлардың , сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жексенбі күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Мониторингтік тексеру қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылу фактілерінің көп мөлшері тіркелген Маңғыстау, Қостанай және Жамбыл облыстарын қоспағанда, барлық облыстарда 1-5 сыныптардың, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптардың оқушыларын аралас оқытуға рұқсат етіледі.

 *****

26 ақпанда Сенатта Палата Төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіровтың төрағалық етуімен «Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясатын заңнамалық реттеу: жай-күйі, проблемалары және шешу жолдары» тақырыбы бойынша Үкімет сағаты өтеді. Іс-шара барысында еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов депутаттар алдында есеп береді. Сондай-ақ, Үкімет сағатына 12 министрлік пен 3 агенттік өкілдері, облыс әкімдіктерінің басшылығы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері, өнеркәсіпті дамыту институттарының басшылары және Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубына мүшелері онлайн режімде қосылып отырады. Жиында ҚР Парламенті Сенатының ресми сайтындағы тікелей эфирде

 *****

«Эпидемиологиялық жағдайдың матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы соңғы екі апта бойы жасыл аймақта тұр. Бүгінгі күні қызыл аймақта тұрған өңір жоқ. Сары аймақта – 5 өңір бар. Ол Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы. Қалған 11 өңір жасыл аймақта орналасқан. Сонымен қатар Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі күні бірінші компонентпен 20 157 адам егілді. 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен егу басталды, екпе 2 137 адамға жалғасты, қолайсыз көріністер тіркелген жоқ». Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтты.  

***** 

Оқу жылы басталғалы елімізде офлайн оқитын оқушылардың 2583-і, онлайн оқып жүргендердің 6 089 қауіпті инфекция жұқтырған. Бұл туралы ҚР қазіргі эпидемиологиялық жағдай баяндалған брифингте ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» -ның сарапшысы Нұршай Әзімбаева айтты.

*****

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтар зейнетақы жасына жеткенде зейнетақы төлемдерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алуға құқылы немесе зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда өмірді сақтандыру компаниясынан зейнетақы аннуитетін сатып алу арқылы төлемдер ала алады. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Сақтандыру нарығын дамыту басқармасының бастығы Сағи Әжібек брифингте баяндады. Оның сөзінше зейнетақы аннуитеті бойынша ер адамдар 55 жасқа, әйелдер 52 жасқа толғаннан бастап төлемдер жасалынады.

*****

Алматыда 19 учаскеде су тасқыны қаупі жоғары. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, полковник Ерлан Әлібеков айтты. «Су тасқыны жағдайы бақылауда, қажетті күштер мен құралдар дайын тұр. Былтыр Төтенше жағдайлар департаменті жиі су басатын 20 учаскені есепке алған болатын. «Алматы қаласы бойынша 376 шақырым арық желісін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу» жобасына енгізілді. Наурыз айында мемлекеттік сараптамаға жіберіледі.», - деді Ерлан Әлібеков.

***** 

Батыс Қазақстан облысында 24 елді мекен электр жарығынсыз қалды. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сегіз ауданда барлығы 3112 абонент жарықсыз қалды. БҚО ТЖ департаментінде жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Қиын жерлерге шұғыл көмек жіберілуде. Боранға байланысты республикалық және облыстық маңызы бар 11 жол жабылды. Тасқала, Ақжайық және Бәйтерек аудандарында 21 техника қар құрсауында қалды. Кешеден бері далада және қар құрсауында қалған адамдарды құтқару жұмыстары жүргізілуде. Апаттық-құтқару және кезек күттірмейтін көмек жұмыстарына 77 адам, 50 техника тартылған.

 *****

Еліміздің екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол учаскелерінде көлік қозғалысы шектелді. Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 341-473 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді. Ақмола облысында боранға баланысты «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 304-341 шақырымында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.