Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін бірнеше облыста жолдар жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Атап айтсақ, Нұрсұлтан-Теміртау, Ақтау-Атырау және Қостанай-Қарабалық бағытындағы барлық көлік түрінің қатынауына шектеу қойылды. Қостанай облысындағы Жетіқара мен Рудный арасындағы қозғалысқа да тыйым салынды. Павлодар облысындағы Ботақара-Баянауыл, оңтүстіктегі Айша бибі мен Машат елді мекендері арасындағы жолдар жабық. Бұған қоса, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жүк көліктері мен қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелген аумақтар бар. Нақты ақпаратты «Қазавтожол» компаниясының ресми сайтынан немесе байланыс орталығынан біле аласыздар.

*****

Елордада ауа райының қолайсыздығына және жолдың жабылуына байланысты, қала маңына қатынайтын №№ 315, 316, 318 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. ҚазАқпарат бұл туралы «City Transportation Systems» компаниясына сілтеме жасап хабарлайды. Мәлім етілгендей, қала маңына жүретін өзге бағдарлар кесте бойынша жұмысын жалғастыруда. Еске салайық, бүгін ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Көкшетау қалаларында, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында бірінші ауысымдағы оқулар онлайн форматқа ауыстырылған болатын. Синоптиктер 25-27 ақпан аралығында еліміздің басым бөлігінде аяз сақталатынын ескертті.

*****

Өткен тәулікте 696 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Аймақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы - 72, Алматы қаласы - 103, Шымкент қаласы - 5, Ақмола облысы - 95, Алматы облысы - 36, Атырау облысы - 31, Шығыс Қазақстан облысы - 23, Жамбыл облысы - 12, Батыс Қазақстан облысы - 3, Қарағанды облысы - 50, Қостанай облысы - 97, Қызылорда облысы - 12, Маңғыстау облысы - 5, Павлодар облысы - 98, Солтүстік Қазақстан облысы - 42, Түркістан облысы - 12.

*****

Қазақстандық 6 дизайнер Лондонда өткен сән көрмесінде көпшіліктің қошеметіне ие болды. Онлайн форматта өткен шараға британия, франция, кипр және посткеңестік елдердің тігін және қолөнер шеберлері қатысты. Жыл сайын өткізілетін шара бұрынғы Ұлы Жібек жолы бойындағы елдердің мәдениеті мен өнерін насихаттауға арналған. Сонымен қатар пандемия уақытында замануи интернет-технологиялар мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, шығармашылық адамдарын қолдау-негізгі мақсат. Дизайнерлердің сәнді киім жиынтықтары мен зергерлік бұйымдары «Экологиялық сән», «Замануи этника», «Сәні келіскен күнделікті киім» аталымдары бойынша сараланды. Сыншылар алдын ала түсірілген бейнебаяндарды тамашалап, әсіресе қазақстандық зергердің еңбегіне тәнті болды.

*****

Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебі ашылады. Prosports.kz хабарлауынша, шаһар орталығындағы Саттарханов даңғылының бойынан бой көтеретін ғимарат заман талабына сай, әрі шаһардың жаңарған келбетіне сәйкес болады. 320 орындық спорт кешенінде үлкен зал мен бірнеше жаттығу бөлмелері орналасады. Нысан құрылысы жақын уақытта басталып, келер жылы пайдалануға берілмек. «Желілік саябақ» бойында, бұрынғы орнынан қайта бой көтеретін зәулім кешеннің айналасы толық абаттандырылып, көгалдандырылады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа спорт кешенінің жобасымен танысып, мақұлдады.