Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Таяуда «Елорда жастары» бағдарламасы іске қосылады

Таяуда «Елорда жастары» бағдарламасы іске қосылады

Шетелдіктерге жерді сатуға заң жүзінде біржола тыйым салынады. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі дәл осы мәселеге байланысты тиісті заң жобасын әзірлеуі керектігін жеткізді.

*****

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге қатысты фактілердің жолын кесу керектігін айтты. «Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған көптеген елдердің тобына кіреді. Тиісті норма Конституциямызда да бар. Дегенмен, соңғы уақытта тіпті мемлекеттік қызметшілерде қос азаматтықтың бар екендігі туралы фактілерді жиі тіркеп жүрміз. Бұған белгілі себептермен жол беруге болмайды. Бұл өте байыпты мәселе. Өйткені, ұлттық қауіпсіздігімізге қатысты. Мұндай фактілердің жолын кесу қажет», - деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерді, квазимемлекеттік ұйымдардың басшыларын лауазымды қызметінен босату туралы тапсырма бергендігін еске салып өтті. «Үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте атқарылған жұмыстың нәтижелері туралы баяндауды өтінемін. Мұндай заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікті мұнан да қатаңдату талап етілетін сияқты», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

*****

Сондай-ақ, Президент жастар арасында құмар ойындарға деген тәуелділіктің белең алғанына алаңдаушылық білдірді. «Өскелең ұрпақтың денсаулығына әлеуметтік кеселдер залалын тигізеді. Шылым шегуге, ішімдікке және есірткіге тәуелді болу кеңінен таралған жағымсыз әдеттер. Бұған қоса, соңғы кезде жастар арасында лудомания, яғни құмар ойындарға тәуелділік белең алуда. Бұл кеселден құмарпаздардың өздері ғана емес, олардың отбасы, туыстары мен жақындары зардап шегеді. Жасөпірімдер заманауи технологиялардың ықпалымен құмар ойындарына оңай шырмалатын болды», - деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы букмекерлер мен казинолар интернетте толассыз жарнама жасап, жұртты еріксіз елітіп отырғандығын баса айтты. «Мемлекет бұған шектеу қою үшін бірқатар маңызды шара қабылдады. Бірақ, бұл шаралар әрине, жеткіліксіз. Жас ұрпақты құмар ойынның зиянды ықпалынан жан-жақты қорғауымыз керек. Мәселені шешу үшін жаңа тәсілдерді қолдану қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

*****

Таяуда «Елорда жастары» бағдарламасы іске қосылады. Бүгін өткен брифингте «Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев бағдарлама бойынша пәтер бағасы қалай өзгеретінін айтты.