Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

“Қазақстан халқы Черногорияны жақсы біледі“. Тоқаев Милатовичпен келіссөз жүргізді

“Қазақстан халқы Черногорияны жақсы біледі“. Тоқаев Милатовичпен келіссөз жүргізді

“Қазақстан халқы Черногорияны жақсы біледі“. Тоқаев Милатовичпен келіссөз жүргізді

 Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат танытып, Черногория президентінің сапары тарихи мәнге ие екенін атап өтті.
"Президент мырза, Қазақстанға ресми сапармен келгеніңізге өте қуаныштымын. Черногория мемлекеті басшысының алғашқы тарихи сапарына ерекше мән беріп отырмыз. Сондай-ақ мұны еліміз үшін өте маңызды уақиға ретінде қарастырамыз. Келіссөздеріміздің нәтижесі екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беретініне сенімім кәміл. Черногорияны халқымыз жақсы біледі. Көптеген азаматымыз жыл сайын Сіздің елде демалып, жақсы әсермен оралады. Орайлы сәтті пайдалана отырып, еліңіздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуымен құттықтаймын. Осы жылдарда біз жақсы қарым-қатынас орнаттық. Өзара ынтымақтастығымыздың мазмұнын байыта түсу керек деп ойлаймын. Оған ешқандай кедергі жоқ. Сіздің іскерлік делегацияңыздың құрамы өте салмақты. Бұл экономикалық және іскерлік байланыстардың ауқымын арттыра түсуге ниетті екеніңізді көрсетеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қазақстан Черногориямен өзара қызығушылық танытқан барлық бағытта тығыз ықпалдастық орнатуға дайын екенін растады. Президенттің айтуынша, сауда-инвестиция, көлік байланысы, цифрлық шешімдер, ауыл шаруашылығы, туризм және тағы басқа салалар бірлескен жұмыстың басым векторы болуға тиіс.
Яков Милатович Яков Милатовичқа қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс айтты.
"Құрметті Президент! Ең алдымен Қазақстанға шақырғаныңыз үшін алғыс айтамын. Өзіңіз атап өткендей, бұл – Черногория президентінің Қазақстанға алғашқы ресми сапары. Бүгін біз екіжақты ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейте түсеміз деп сенемін. Бұл сапар байланыстарымыздың жоғары деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Мен мұнда достас елдің өкілі ретінде келдім. Черногорияның іскерлік орта өкілдері де осында. Екі елдің сауда палаталары бизнес форум өткізеді, бірқатар меморандумға қол қойылады. Черногория Қазақстан азаматтары үшін танымал бағыттардың бірі екенін білеміз. Осы тараптағы байланыстарымызды күшейте түскіміз келеді. Сізбен саяси ынтымақтастықты ғана емес, экономикалық серіктестікті кеңейту мүмкіндіктерін де талқылаймыз", – деді Черногория президенті.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі