Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

БҚО-да карантиндік шаралар қайта күшейтілді

БҚО-да карантиндік шаралар қайта күшейтілді

Мемлекет басшысы Мажарстанның сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сийартоны қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сенімді саяси диалогқа, дәйекті экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа, COVID-19 пандемиясының сын-қатерлері кезінде өзара қолдау көрсетуге негізделген стратегиялық серіктестіктің жоғары қарқынын атап өтті.

*****

Батыс Қазақстан облысында карантиндік шаралар қайта күшейтілді. БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың жаңа қаулысы 9 сәуірден бастап күшіне енеді. Қаулыға сәйкес елді мекендер аумағында халықтың қозғалысы сағат 00.00-ден бастап 06.00-ге дейін шектеледі. Контингенті 300 оқушыға дейін ауыл мектептерінде бала санын 15-тен асырмай оқытуға рұқсат беріледі. Білім беру әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда жеке оқытуға болады. Сауда үйлері мен орталықтары жұмыс күндері сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін, сенбіде 10.00-ден 17.00-ге дейін ашық болады. Жексенбі күндері жұмыс істемейді.

*****

Қазақстандықтар құны 2 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сыйлықты сыйлағандары үшін 4,5 миллион теңгеден астам айыппұл төлейді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгертулерді баяндау барысында айтты. «Сыйақылар, сыйлықтар немесе жеңілдіктер бергені үшін жеке тұлғалар 200 АЕК болатын айыппұл төлейді, бұл шамамен 600 мың теңге. Егер мұндай сыйақы немесе сыйлық заңды тұлға тарапынан берілетін болса, онда мұндай әрекет үшін айыппұл 700 АЕК-ке дейін өседі, бұл 2 млн.теңгеден астам. Заң сәуірдің 5-інен бастап қолданысқа енгізілді. Аталған Заң аясында әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау құзіреті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бекітілді.

*****

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында 12 сәуірден бастап эпидемиологиялық жағдай жақсарғанда қабылданатын шешімге дейін мектептер қашықтан оқуға көшеді. Бішкек мэрі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шешім қалалық эпидемияға қарсы және эпизоотикаға қарсы төтенше комиссияның отырысында қабылданған. Сонымен қатар, 12 сәуірде Бішкекте барлық балабақша жабылады. Еске сала кетсек, Бішкек коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірді.

*****

Бүгін Ақмола облысының Қажымұқан кентінде Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған іс-шара өтеді. Оны "Қазақстандық спортшылар одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырады. Іс-шара аясында болашақ спорт залының іргетасына капсула салу рәсімі өтеді. Оған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысады. «Салтанатты рәсімнен кейін келгендер күш жаттығулары бойынша әлемнің төрт дүркін рекордшысы Сергей Цырульниковтың Гиннестің жаңа әлемдік рекордын орнатуына куә болады. Сондай-ақ, бұл күні қазақ күресінен облыстық турнир өтеді» делінген. Шара сағат 11:00-де басталады.