Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Биыл 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Биыл 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
  • Биыл 4 мыңға жуық адам қандас мәртебесін алды.
  • Ақтөбелік оқушы коронавирус жұқтырғаны анықталды.
  • Аң аулауға шығып, үйіне оралмаған жігіт іздестіріліп жатыр.

 

Биыл 3 966 адам қандас мәртебесін алды, - деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Жалпы 1991 жылдан бері елге шамамен 1 миллион 74 мың 300 қазақ оралған. 2021 жылдың басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі, яғни 75,6 пайызы Өзбекстаннан, 11,9 пайызы ҚХР-дан, 5,8 пайызы Түрікменстаннан, 3,0 пайызы Моңғолиядан және 3,6 пайызы басқа елдерден келген. Олар негізінен Алматы, Түркістан және Маңғыстау облыстарына, сондай-ақ Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларына қоныстанды", - делінген хабарламада. 

*****

Ақтөбедегі мектеп-интернаттың оқушысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Осыдан кейін сынып түгел онлайн оқуға көшірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқушымен байланыста болған 12 бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынды. Енді олар екі апта карантинде болады. Олардың температурасы күніне екі рет өлшенеді. Ешкім үйіне жіберілмейді», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті. Қазір мұнда 188 бала оқып жатыр. 

*****

Алматының Медеу ауданында жолдың бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқыс оқиға туралы Facebook қолданушысы, қала тұрғыны Виктор Ким хабарлады. Медеу ауданы әкімдігінің мәліметінше, оқиға орнына аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері барды. «Тексеру кезінде ұзындығы 30 метрден асатын жолдың бір бөлігінің опырылып түскені анықталды. Алдағы уақытта жолды жөндеу мәселесі қаралады» деп хабарлады әкімдіктегілер.

*****

Батыс Қазақстан облысында аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 40 жастағы екінші топтағы мүгедек Антон Борисов 2 сәуір күні шамамен кешкі тоғызда Теректі ауданы Аңқаты ауылынан 20 шақырым жердегі Шалқар көліне кетіп, сол бойы оралмаған. Бойы 175-180 см, арықша келген, үстіне сары-көк түсті комуфляж костюм киген. Өзімен бірге аңшы мылтығы, оқ-дәрісі болған, қолына электронды сағат таққан. 

*****

Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен Түркияға ресми сапармен барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз адал серіктестікке ұмтыламыз», - деді Урсула фон дер Лейен. Сейсенбіде Еуропалық Кеңестің басшысы Шарль Мишель мен Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Лейен Түркияда ел президенті Режеп Ердоғанмен келіссөздер жүргізді. Анкараға сапардың басты мақсаты Түркиямен қарым-қатынасты «қайта бастау» мүмкіндіктерін іздеу болған. Анкара мен Брюссельдің екі жақты қарым-қатынасы соңғы бірнеше айда жақсарды. Сапар барысында еуропалық делегация Түрік басшылығына экономикалық байланыстарды нығайтуды, көші-қон саясатын қарастыруды ұсынып отыр.