Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда Жеңіс күніне арналған шеру болмайды

Қазақстанда Жеңіс күніне арналған шеру болмайды

18 сәуіріндегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 679 709 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Ақпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында жарияланды. Нұр-Сұлтан – I компонент 57 219, II компонент 10 446 адамға егілді. Алматы қаласында – I компонентті 131 631, II компонент 15 255 адам салдырды. Шымкент қаласында – I компонент 59 729, II компонент 6 871 адамға егілді.

*****

Ақтөбе облысында барлығы 25 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін қабылдады. Ал екінші компонентті 6 мыңға жуық адам алды. Дәрігер, мұғалім және өңір тұрғындарымен қатар вакцинаны құқық қорғау органдарының қызметкерлері де қабылдады.

*****

Қазақстанда Жеңіс күніне арналған шеру болмайды. Ал Отан қорғаушылар күніне арналған шаралардың басым бөлігі онлайн форматта өтеді. ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі, полковник Виталий Адамович атап өткендей Қарулы Күштер ардагерлеріне құрмет көрсету санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, еліміздің барлық өңірлерінде өтеді. «7 мамыр және Жеңіс күні – барлық қазақстандықтар үшін айтулы күндер. Әрине, біз республикалық телеарналарда да, Қорғаныс министрлігінің Youtube-арнасында да, «Жас сарбаз» қозғалысының Youtube-арнасында және басқа да әлеуметтік желілерде бірқатар көрсетілім жоспарладық», - деп атап өтті спикер.

*****

Атырауда полицейлер жыл басынан бері есірткімен байланысты 36 құқықбұзушылықты анықтады. Облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың айтуынша, «есірткі заттарын сатудың – 17 дерегі, аса ірі көлемде есірткі затын сақтаудың – 2, есірткіні жарнамалаудың 3 дерегі тіркелді.

*****

21 мамыр – 6 маусым аралығында Ригада өтетін хоккейден әлем чемпионатына баратын Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған ойыншылар белгілі болды. Қазақстан хоккей федерациясы мәлім еткеніндей, кеңейтілген құрамға 35 ойыншы енді. Осылардың ішінен негізгі құрамға 28 хоккейші (25 ойыншы, 3 қақпашы) алынады. Ұлттық құраманы Юрий Михайлис бастаған мамандар жаттықтырады. Қазақстан құрамасы елордалық «Барыс Аренада» өтетін оқу-жаттығу жиынына 29 сәуір күні бас қосады. 13 және 15 мамыр күні Ригада қазақстандықтар Беларусь құрамасымен екі бақылау матчын өткізеді.