Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматы жастарына қатысты бағдарламаға өзгеріс енгізілді

Алматы жастарына қатысты бағдарламаға өзгеріс енгізілді
  • Отандық медицинаға қандай жаңа технология енгізілетіні айтылды. 
  • Алматы жастарына қатысты бағдарламаға өзгеріс енгізілді. 
  • Мыс сым ұрлағандар құрыққа ілінді.


Шілденің бірінен бастап вакциналау паспорты Ashyq мобильді қосымшасымен біріктіріледі. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір ведомство бұл жұмысты ұйымдастыру үшін IATA халықаралық қауымдастығымен келіссөз жүргізіп жатыр. 

*****

Денсаулық сақтау министрі биыл медицина саласына енгізілетін бірегей технологияларды атады. Алексей Цойдың айтуынша, еліміз 2021 жылы отандық медицинаға гамма-пышақ аппаратын қолданумен орталық жүйке жүйесі ауруларын емдеудің радиохирургиялық әдісі, сондай-ақ жүрекішілік стимуляторды транскатетерлік импланттау технологияларын игеруді және енгізуді жоспарлап отыр. Бұдан басқа Семей қаласында Ядролық медицина орталығының құрылысы аяқталды. Орталықтың толық қызмет спектрі ағымдағы жылдың маусым айынан бастап көрсетіледі. Мұнымен қоса, Назарбаев Университеті жанынан Балалар кардиохирургиялық орталығын ашу жоспарлануда», - деді министр. 

*****

Алматы жастарына қатысты бағдарламаның санаты кеңейіп, жеңілдетілген қарыз сомасы ұлғайды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты. Былтыр 35 жасқа дейінгі мың алматылық жас 25 жылға дейінгі мерзімге жылдық мөлшерлемесі 5%-бен жеңілдетілген тұрғын үй заемын алу құқығына ие болды. Сұраныстың артқаны ескеріліп, биыл бағдарлама жалғасын тапты. Бұл ретте қарыз сомасы 5 млн теңгеден 18 млн теңгеге дейін ұлғайды. Бұрынғыша тұрғын үйді бастапқы және екінші нарықтан таңдауға мүмкіндік бар. Санат тізімі де кеңейтілді. Енді құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бағдарламаға қатыса алады. 

*****

Елордалық полицейлер электр тізбегінің мыс кабелін ұрлау фактісі бойынша 32 және 29 жастағы екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы ПД –не сілтеме жасап. Түнгі уақытта қаскүнемдер жаңа құрылыс ауданындағы құдықтарды ашып, тротуар тақтасын сындырып, кабель жатқан жерді қазғандығы анықталды. Осылайша 100 метр мыс кабелін қиып, оны металл қабылдау пункіне 475 мың теңгеге өткізеді. «Қаскүнемдер электр кабелі орналасқан жерді алдын ала зерттеп, сымның қалай тұрғанын біліп алған. Келтірілген залал сомасы шамамен 9 миллион теңге. Жыл басынан бері қала аумағында 38 кабель ұрлау фактісі тіркеліп, 20 ұрлық ашылып, 7 факті бойынша тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. 

*****

Израильдің солтүстігінде діни мереке кезінде дүрбелең туып, 44 адам тапталып, көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24». 150-дей кісі жарақат алған. Оқиға Галилея аймағындағы Мерон тауында болды. Діни мейрамға жүз мыңнан аса адам жиналып, жүретін жер болмай, адамдар бір-бірін итерген.