Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мамырдан бастап Үндістанға барғандар АҚШ-қа кіре алмайды

Мамырдан бастап Үндістанға барғандар АҚШ-қа кіре алмайды

Үндістандағы коронавирустың таралу жағдайы көптеген елдерге арнайы шара қабылдауға итермелеп жатыр.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми ақпараттың телеграм каналы жариялаған мәліметке сәйкес, Малайзияда ең алғаш Үндістанда анықталған коронавирустың бір түрі табылды. Дәрігерлер бұл вирусты Куала-Лумпур әуежайында тестілеу кезінде Үндістан азаматынан анықтады. Бұған дейін Малайзия билігі Үндістанмен көлік қатынасын толығымен тоқтатқан болатын.

Албания билігі Ресейдің « Спутник V « вакцинасын тіркеді, препараттың алғашқы партиясы елге жеткізілді. Албания Ресей вакцинасын қолдануға рұқсат етілген 64-ші ел болды.

АҚШ президенті Джо Байден Үндістаннан АҚШ-қа кіруге шектеулер қойды. Соңғы екі аптада Үндістанда болған шетелдіктер 4 мамырдан бастап елге кіре алмайды.

Коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының саны бойынша Түркия әлемде 5-ші орынға шықты- 4,87 миллионнан астам жағдай.

Үндістанда коронавирустан қайтыс болғандардың тәуліктік өсімі бойынша жаңа антирекорд тіркелді -3 689 жағдай.



Дереккөз: ҚазАқпарат