Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Маңғыстау тұрғыны ауласынан Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін аңды тауып алды

Маңғыстау тұрғыны ауласынан Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін аңды тауып алды

Маңғыстау тұрғыны ауласынан Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін аңды тауып алды 

Мұнайлы ауданының тұрғыны өз үйінің ауласынан ерекше аңды тауып алды. Жануарға көмек қажет болуы мүмкін деп шешкен ер адам оны ұстап алып, мамандарға тапсырды
Аң Батыр ауылындағы жеке үйлердің бірінің ауласынан табылған. Полиция қызметкерлері жануарды Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына жеткізді. Инспекция басшылығы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының өкілдеріне хабарласып, олар жануарды қарап шығу үшін Ақтауға келді.
Мамандар табылған жануардың сусарлар тұқымдасына жататын сирек кездесетін жыртқыш сүтқоректі – шұбар күзен (перевязка) екенін анықтады. Шұбар күзен – Vormela туысының жалғыз өкілі, бұл түр Қазақстан аумағында да мекендейді.
Ол Қазақстанның Қызыл кітабына енген және ІІІ санатқа – саны мен таралу аймағы азайып бара жатқан сирек кездесетін жануарларға жатады. Елімізде шұбар күзен әдетте жартылай бекіген және бекіген құмды жерлерде кездеседі, ол ұсақ сүтқоректілер – құмтышқандар, саршұнақтар мен тышқандар мекендейтін орындарды қолайлы көреді.
Мамандар жануарға визуалды тексеру жүргізіп, денесінен ешқандай ауыр жарақат таппады. Тексеруден кейін аң Қарақия-Қаракөл мемлекеттік табиғи қаумалының аумағына жеткізіліп, табиғатқа жіберілді.
Бұған дейін Алматы облысының Шелек ауылындағы су қоймаларының бірінен Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін қарабай байқалған болатын, толығырақ – материалда.

Фото: Lada.kz / Үстірт мемлекеттік қорығы