Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алдағы демалыс күндері елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Алдағы демалыс күндері елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады. «Рухани тазару мен жаңаруға жол ашатын қасиетті мейрам күллі мұсылман қауымы үшін айрықша маңызды. Рамазан айына жалғасқан бұл жарқын мереке қастерлі дініміздегі мейірім мен шапағат, жанашырлық пен қамқорлық сияқты асыл құндылықтарды дәріптейді. Баршамыз айттан айтқа аман-есен жете берейік! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін» делінген Президент құттықтауында. Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та мұсылман қауымын ұлық мерекемен құттықтады. «Ораза айт – бейбітшілік пен бірлікке үндейтін исламның сан ғасырлық қастерлі дәстүрлерінің символы. Мейірімділік, рухани тазару, ізгі істер жасау – барлық ұлт пен дін өкілдеріне тән қасиет. Өзара сыйластық пен келісімге негізделген осы игі дәстүрлерді барынша нығайта беруге шақырамын, - деді Елбасы.

*****

Бүгін барша мұсылман қауымы рамазан айының аяқталуын білдіретін ораза айт мерекесін тойлап жатыр. Таң сәрімен ел бойынша барлық мешіттерде айт намазы оқылды. Жамағат бір-бірін діни мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Барлық мешіттерде санитарлық талаптардың сақталуы қатаң бақыланды. Намаз мешіттің ішінде емес аулада оқылды. Әр адамға 4 шаршы метрден белгіленген. Дін өкілдері мереке кезінде эпидемиологиялық ахуалға байланысты қойылған талаптарды қатаң сақтау маңызды екеніне тоқталды.

*****

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды Ораза Айт мерекесімен құттықтады. «Отыз күн бойы ұстаған оразамызды, жасаған дұғамызды, жәрдемге мұқтаж жандарға үлестірген садақамызды Жаратушы қабыл еткей! Әр отбасына амандық, жақсылық тілеймін. Оразадан оразаға дейін аман-есен жете берейік!» - деді Бас мүфти.

*****

Елордада алдағы демалыс күндері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Демалыс күнгі жәрмеңкелер елорда тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие. Себебі мұнда бірінші қажеттіліктегі азық-түлікті нарықтан төмен бағамен сатып алуға болады. 17 сәуірден Есіл ауданында Сауран көшесі 7-үйде демалыс күнгі жәрмеңке басталады. 15 мамырдан бастап Сарыарқа ауданында Қосшығұлұлы көшесі 14-үйде осындай жәрмеңке өтеді. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, тұрғындар үшін азық-түлік өніміне қолжетімділікті қамтамасыз ету және бәсекелестік ортаны құру мақсатында өткізіледі. Жәрмеңкеге Ақмола, Қарағанды облыстарының елордаға жақын аудандарынан шыққан отандық тауар өндірушілер, шаруа және фермерлік қожалықтар, сондай-ақ, қаланың жеке кәсіпкерлері қатысады.

*****

Атырау облысы Теңіз кенішінде 10 мыңнан астам жұмысшы вакцина салдырды. Кен орнына «Спутник V» вакцинасының тағы 15 мың дозасы жеткізілді. Мұнайшылар вакцинаны қалашықта ашылған екпе орындары мен облыс орталығындағы емханаларда салдыра алады. Сондай-ақ мұнай компаниясының басқа қалалардағы серіктес медициналық мекемелерінде екпе алуға мүмкіндік бар. Жалпы облыста «QazVac» және «Спутник V» вакциналарының 1-компонентін 40 мыңнан астам тұрғын алған. Айта кетейік, мұнайлы өңірде соңғы тәулікте 75 адам қауіпті вирус жұқтырған.