Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Samruk Qyzmet рекрутингті онлайн платформасы құрылды

Samruk Qyzmet рекрутингті онлайн платформасы құрылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Samruk Qyzmet рекрутингті онлайн платформасы құрылды. Бұл жайында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды. Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Үкімет өнеркәсіп пен ақпараттық технологиялар саласының арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға атсалысуға тиіс. Бұл әр саланың цифрлы экожүйесінің қозғаушы күші бола алатын цифрлы технология платмормаларын құруға мүмкіндік береді», - деген болатын. Берік Уәлидің атап өтуінше, осы тапсырма аясындаSamruk Qyzmet рекрутингті онлайн платформасы құрылды. Аталған платорма «KEGOC», «ҚазМұнайГаз», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазақстан темір жолы», «Air Astanа», «Қазақтелеком», «Қазпошта» сияқты «Самұрық-Қазына» тобының 170-тен астам компаниясының бос жұмыс орындарын біріктірді. Платформа жұмысының барысында 1640 адам жұмысқа орналасты, 46 891 ізденуші тіркелді, 6 535 бос жұмыс орны сайтта жарияланды.

*****

Қазақстан – Қытай шекарасында 180 жүк көлігі тұрып қалды Теміржол арқылы Қытайға баратын тауар тасымалына тыйым салынған. Бұл шектеу вагон иелері мен тауар экспорттаушыларға қырыуар шығын әкелуде. Бұл проблема былтырдан бері шешілмей келеді. Қазір Қытай тарапымен онлайн кездесулер өткізіліп, келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бірақ әзірге еш өзгеріс жоқ. Биыл 11-20 маусым аралығында Достық станциясы арқылы әрі қарай Қытайға кететін контейнерлік жүктерден басқа барлық жүк тасымалына мәжбүрлі түрде тыйым салынды. Бұл туралы Қазақстан теміржолының баспасөз қызметі хабарлады. Ковидке қарсы қатаң шектеу шаралары кесірінен ҚХР жүк тиелген вагондарды қабылдауды уақытылы жүргізбей отыр. Қазір шекарада 180-нен астам жүк құрамы қозғалыстан шеттетілді. Мәселені шешу үшін тараптар онлайн кездесті.

*****

«Қазақстан мен Қытай арасында тасымал жоспары бұрын келісілді. Бұл көрші елдің келген жүкті қабылдауға дайын екендігін білдірді, алайда іс жүзінде олай болмайды», - делінген хабарламада. Өз кезегінде салалық қауымдастық өкілдері логистикаға қатысты осындай қиындықтарды болдырмайтын шектеу шараларын енгізуді ұсынады. Сондай-ақ вагондарды кешіктіргені үшін айыппұл санкцияларын енгізу мүмкіндігін қарастыруға шақырады. Ал бейінді ведомствода тасымалдаушыларға Қытай тарапымен жұмысты күшейту, сондай-ақ проблеманы шешудің балама жолдарын іздеу тапсырылды. Олардың бірі – контейнерлік тасымалдарға көшу.

*****

Жапонияда Apple және Google қызметі тексеріледі Apple және Google уомпанияларын Жапонияның монополияға қарсы заңнамасына сай тексереді. Nikkei бамсылымының хабарлауынша, IT-алыптар нарықтағы үстем пайдаланып, бәсекелестерді тек өздерінің бағдарламалық жасақталарын орнатуға мәжбүрледі деген күдік бар. Apple және Google-дің жапон нарығындағы үлесі қазірдің өзінде 90%-ке жетті. Енді арнайы комиссия америкалық компаниялардың жапондық смартфон өндірушілерімен өзара іс-қимылын зерттейді. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Жапония Үкіметі монополияға қарсы заңнаманы қатаңдатуға ниетті.

*****

Белгісіз қалталы азамат ғарышқа сапар шегу үшін 28 млн долларға билет алды, деп хабарлайды «Хабар 24». «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, ол «Амазон» компаниясының негізін қалаушы Джефф Безоспен бірге ұшпақ. Келіссөздер телефон арқылы жүріп, сауда-саттық уақыты 7 минутқа созылды. Айта кету керек, ғарышқа сапар 20 шілдеге белгіленген. Blue Origin компаниясы өкілінің айтуынша, зымыран тасығыш капсуланы 75 шақырымға дейін жеткізеді. Кейін капсула бөлініп шығып, жер атмосферасынан әрі көтерілмек. Кеңістіктегі қашықтық кемінде жүз шақырымға жетеді. 3 минут ішінде жолаушылар салмақсыздық күйіне түсіп, ғарышты тамашалай алады.