Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда қолданылатын барлық вакциналар қауіпсіз

Қазақстанда қолданылатын барлық вакциналар қауіпсіз

Тағы да абай болуға шақырамыз, вирус ешқайда кеткен жоқ, Эпидемиологиялық жағдайдың одан әрі қалай өзгеретіндігі тек өзімізге байланысты. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өз сөзін осылай қорытындылады.



«Өкінішке орай, біз күн сайын коронавирустың салдарынан азаматтарымыздан айырылудамыз. Егер халықтың басым бөлігі вакцинацияны уақтылы жасаса, бұл қайғылы жағдайлардың алдын алуға болатын еді. «Дельта» («Үнді») штаммы одан да күшті және 2 есе тез таралуы мүмкін. Үндістан мен Ресей Федерациясындағы жағдай осыны растап отыр, онда күн сайын 50 мыңнан астам және 17 мың жағдай тіркеледі. Бұл денсаулық сақтау жүйесіне үлкен ауыртпалық әкеледі. Сондықтан вакцинацияланбаған әрбір қазақстандық қауіпсізденіп, тез арада егілуі керек!»,- деп атап өтті спикер.

Ол Қазақстанда қолданылатын барлық вакциналар тиімді, ең бастысы қауіпсіз деп сендірді! Сондай-ақ, сақтық шараларын қатаң сақтау: маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және басқа да алдын алу шараларын қолдану күнделікті әдетке айналуы тиіс.