Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Шымкентте заңсыз алкоголь өнімдерін өндірген 4 цех анықталды

Шымкентте заңсыз алкоголь өнімдерін өндірген 4 цех анықталды

Елорда тұрғындары вакцина алу арқылы 2 бөлмелі пәтер ұтып алуы мүмкін. Мұндай жаңалықпен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында бөлісті. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін қала халқының 60 пайыздан астамы вакцинациялануы қажет. Санитарлық дәрігерлер карантиндік қосымша шектеулер туралы жаңа қаулы дайындауда: қауіп-қатер тобы үшін вакцинация міндетті, вакцинацияланбаған қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіру және тағы басқасы талап етіледі. Ұтыс ойынына қала емханаларында немесе СОО/СҮ пункттерінде екпе алған қала тұрғындарының бәрі қатыса алады. Оның атап өтуінше. пәтер ұтысының ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады. Қыркүйек айының басында нәтижесі жарияланады. 

*****

Шымкентте алкоголь өнімдерін өндірген 4 астыртын цех әшкереленді. Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері тексеріс кезінде 19 мың бөтелке түрлі маркалы алкоголь өнімін, 75 литр спирт пен есепке алу-бақылау маркаларын тәркіледі. Заңсыз бизнестен жергілікті бюджетке 9 млн. теңге салық түспеген.

*****

Ақтауда жарық шамының бағанынан тоқ соққан 8 жастағы бала көз жұмды. Оқиға кеше кеште болған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті хабарлады. Қайғылы оқиға 7-ші мектеп-лицейі мен «Толқын» базарының маңында болған. «Оқу орнының қоршауының маңына жарық шамы орнатылған. Куәгерлердің айтуынша, бала осы шамның бағанын ұстаған кезде оны тоқ ұрған. 

*****

Мәскеуде кеше коронавирус індетінен 88 адам көз жұмды. Ал Санкт-Петербург қаласында 93 адам қайтыс болған. Бұндай көрсеткіш пандемия басталғалы тіркелмеген. Осылайша індеттен көз жұмғандардың жалпы саны 130 мыңға жетті. Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, Ресей әлемде ең көп науқас саны бойынша алғашқы 10 елдің тізімінде. Вакцинация науқанына қарамастан аймақтағы эпид ахуал нашар. Жергілікті билік жаңа шектеу шараларын жариялады. Оған сәйкес жұмыс берушілер екпе алмаған 30 процент қызметкерін қашықтан жұмыс істеуге көшіру керек. Кафе мен мейрамханаларға түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салынды. 

*****

АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында екпе қабылдаудан бас тартқан 150-ден астам медицина қызметкері жұмыстан шығарылды. Мекеме басшысы жұмысшыларына маусымның 7-сіне дейін вакцина егуді талап еткен. Талапқа бағынбағандарға 2 апта бойы жұмыстан шеттетіліп, кейін жұмыссыз қалатындары жайлы ескертілген. Нәпақасынан айырылғандар сотқа шағым түсірді. Наразылардың айтуынша, бұл әрекет заңға қайшы. Ал аймақтағы өзге аурухана басшылары міндетті имму-низация шарасы қызметкерлердің құқығын бұзбайды деген пікірде.

*****

Эфиопияның Тыграй ауданына жасалған әуе шабуылынан 51 адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24». Атыс-шабыстан тағы 100 шақты тұрғын түрлі жарақат алған. 33 адам із-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жарылыстар адам көп шоғырланған аймақта ұйымдастырылды. Жергілікті билік бұл әрекетті оппозиция күштері жасады деп отыр.