Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Наз» мемлекетік би театры «Әзім әңгімесі» хореографиялық спектаклінің премьерасына шақырады

«Наз» мемлекетік би театры «Әзім әңгімесі» хореографиялық спектаклінің премьерасына шақырады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекетік би театры» МКҚК 2021 жылдың 4 шілдесінде Абай Құнанбайұлының «Әзім әңгімесі» шығармасының желісі бойынша қойылған хореографиялық спектаклінің премьерасын өткізеді.

Бұл қойылым А.Құнабайұлының аяқталмай қалған шығармасы «Әзім әңгімесі» ертегісінің желісі негізінде сахналанып отыр. Хәкім Абай «Мың бір түн» әңгімесінің бір тарауын өлеңге айналдырады.


Әзімге кездескен жәдігөй шал тәрізді сұм-сұрқиялар ғалымдардың ашқан ғылыми жаңалықтарын өздерінің баю мүддесіне пайдалануы, ол үшін неше түрлі зымияндыққа барулары мүмкін. Жәдігөй шал – солардың бірі. Өмірінің ең қызығы, ең негізгі мақсаты тек баю ғана деп ұғынушылар қандай зұлымдық, іс-әрекеттерден де тайынбайды. Ездік те, қаныпезер қаражүректік те оларға бұйым емес. Поэмадағы алхимик жәдігөй шал өзінің зымияндық мақсатын орындау үшін Әзімді қолына алдап түсіреді де, тау басына, ысылдаған әпжылан, айдаһарлардың ішінде қалдырады. Бірақ, қойылым соңында олар кенеттен екі жаққа айрылысып кетеді.

Қоюшы хореографтар: С.Дүзбаев, А. Беглова, Ұ. Изенаев, М.Байбулова

Қоюшы-режиссер: Қ. Ағымбаева

Авторы: Е. Ағымбаев

Өтетін күні және уақыты: 04.07.2020, сағат 20:00

Өтетін жері: Тұран, 2/6, Амфитеатр

Байланыс телефондары: 30-02-87, 30-03-09