Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ақтөбеде жалған ПТР анықтама сатқан ерлі-зайыпты ұсталды

Ақтөбеде жалған ПТР анықтама сатқан ерлі-зайыпты ұсталды

Ішкі істер мамандары интернетте вакциналау паспорты мен ПТР-тест анықтамасын сататын 46 жарнаманы анықтап, бірнеше шетелдік ресурсты бұғаттауға жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрліктің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, полицияның барлық бөлімшесінде арнайы мониторингтік топтар құрылып, олар интернет желісінде, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде, жергілікті пабликтерде, жарнамалық сайттарда орналастырылатын жалған құжаттарды сату жөніндегі хабарландыруларды анықтайды. Анықталған шетелдік ресурстарды Қазақстан аумағында бұғаттау үшін уәкілетті органға жіберілді. 

*****

Ақтөбе полициясы жалған ПТР анықтаманы сатып келген ерлі-зайыптыны ұстады. Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында 2020 жылдың соңынан бастап жалған ПТР анақтаманы сатып жүрген ерлі-зайыптыны құрықтады. Ақтөбенің 33 жастағы тұрғыны мен оның әйелі жасаған іс әшкере болды. Келіншегі қаладағы медициналық орталықтардың бірінде дәрігер болып жұмыс істеген. «Күйеуі «Жайсаң» шекара бекетінде Ресейге баратын жүк көліктерінің жүргізушілеріне ПТР анықтама ұсынған. Анықталғандай, жүргізушілердің деректерін жұбайына жіберіп, ал жұбайы жалған анықтаманы күйеуіне беріп отырған. Сотқа дейінгі тергеу барысында көрінеу жалған ПТР анықтама қолданған 10 адамнан жауап алынды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

*****

Павлодар қаласының әкімі тағайындалды. Бұл қызметке Асайын Байханов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қаланың жаңа әкімін аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов таныстырды. Соңғы бір жарым жыл Асайын Байханов Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Әбілқайыр Сқақов қаланың жаңа басшысының қызметіндегі басымдықтарды айқындап берді. Ол бюджетті жоспарлау мен мемлекеттік сатып алудағы жоспарлаудың қателіктері салдарынан қала әкімдігінде шіркейлерге қарсы күреске арналған конкурс дер кезінде өткізілмей, жолдарды жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу мерзімдері кешіктірілген. Аймақ басшысы мердігерлік жұмыстың сапасы да сұрақтар туғызатынын айтып, оны қатаң қадағалауды тапсырды. 

*****

Солтүстік Қазақстан облысында мамандар Қарабек көлінде балықтың неден қырылғанын айтты. Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы Қарабек көлінде балықтың қырылуына ауа райы себеп болған. «Ауа райы маусымның соңы мен шілде айының басында бірнеше күн ыстық әрі тымық болды. Осыған байланысты көл бетінде үлдір пайда болған. Мұндай жұқа қабық оттегіні өткізбейді. Көл суында органика жоғары, ол шіру арқылы оттегіні жояды. Салдарынан балық оттегі жетіспеушілігінен қырылып қалған», - дейді Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы Ильдар Кәкімов. Маманның айтуынша, Қарабек көлінде 560 кг балық қырылған. 

*****

Алматының тау шыңдарында жоғалған ер адам табылды. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жоғалған ер адамды Мәншүк Мәметова шыңынан тапқан. Ол қатты тоңып қалған, құтқарушылар оған жылы киім берді. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Қазіргі уақытта жедел топ таудан туристпен бірге түсіп келе жатыр», - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, 18 шілде күні турист Іле Алатауы тауларында жоғалып кеткен.