Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Батыс Қазақстан облысында "50 жаңа аула" экологиялық акциясы жалғасуда

Батыс Қазақстан облысында

Батыс Қазақстан облысында "50 жаңа аула" экологиялық акциясы жалғасуда 

Батыс Қазақстан облысында мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан "Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасы аясында "50 жаңа аула" экологиялық акциясы жалғасуда. Кезекті іс-шара Орал қаласында ұйымдастырылып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталды, деп хабарлайды БҚО әкімдігі.
Акция барысында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Аула аумақтары қоқыстан тазартылып, жасыл желектер ретке келтірілді. Экологиялық бастамаға облыс жастары мен еріктілер қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Қатысушылар сенбілік өткізіп, аулаларды ретке келтіру жұмыстарына жұмыла атсалысты.
Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар қаланың санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Батыс Қазақстан облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сәрсенбаевтың айтуынша, акцияның басты ерекшелігі – тұрғындарды өз ауласының тазалығы мен көркеюіне белсенді атсалысуға ынталандыру.
"Таза Қазақстан" бастамасы – қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған бір реттік акция емес, бұл қоғамда экологиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыратын маңызды жоба. "50 жаңа аула" акциясы арқылы жастар мен тұрғындар ортақ іске бірігіп, туған қаласының дамуына нақты үлес қосып келеді. Осындай бастамалар өңірдегі экологиялық мәдениетті нығайтып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді", – деді Нұрсұлтан Сәрсенбаев.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, "50 жаңа аула" акциясы алдағы уақытта да жалғасады. Жоба аясында өңірдің әртүрлі аумақтарында тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылып, тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға және туған өлкесінің көркеюіне үлес қосуға шақыру жұмыстары жүргізіледі.

Фото: БҚО әкімдігі