Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 20.07.2021

Қорытынды жаңалықтар 20.07.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қасиетті Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында хабарлады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қасиетті Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды. Еліміздің мұсылмандары биыл да пандемия жағдайына байланысты құрбандықтарын ҚМДБ ұйымдастырған qurban2021.kz сайты арқылы қашықтан шалдыруда. Сүйіспеншілік пен ізгіліктің, мейірбандық пен қайырымдылықтың мейрамы тағы да құтты болсын!» делінген хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтаған болатын.

*****

Бүгін Құрбан айт мейрамына орай елорда әкімдігі қаладағы мұқтаж отбасыларға ет таратты, деп хабарлайды Елорда Инфо. Елорда әкімдігіне қарасты «Астана жастары» ресурстық орталығының бір топ волонтерлері таң алагеуімнен жүк көліктеріне тиелген етті әр ауданға бөліп, жұмыла жұмыс істеді. «Әр аудандағы көмекке мұқтаж 100 отбасының тізімін алдық. Оны бізге аудан әкімдіктері, мешіттер, сондай-ақ Жұмыспен қамту басқармасы ұсынған болатын. Волонтерлеріміз көмек қолын созып, осынау игі іске өз үлесін қосуға тырысуда. Мұнда қазір 50 шақты автоволонтер мен 30-дан аса жаяу волонтер қатысып жатыр. Әрқайсысы өздеріне жүктелген мекенжайлар бойынша етті үйді-үйге таратады», – дейді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Аян Ерментаев. Айта кетейік, елордалық волонтерлер бұған дейінгі мерекелерде де мұқтаж отбасыларға азық-түлік себетін таратып, сауапты іске мұрындық болып жүр.

*****

20 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. «Сары» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

*****

20 шілдедегі мәлімет бойынша, 61 627 адам коронавирус инфекциясынан (–60 055 + және 1572 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 18 836 пациент стационарда, 42 791 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 78 адам қайтыс болды Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинаның I компонентін 4 895 174 адам салдырды Қазақстанның үш мегаполисі мен 12 облысы «қызыл» аймақта тұр 2038 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 1130 адамның жағдайы ауыр, • 244 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 162 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*****

Қытайда ата-анасы коронавирусқа қарсы вакцина алмаған оқушыларға мектепке баруға тыйым салынуы мүмкін. Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономия ауданының (ГЧАА) бірқатар елді мекенінде жаңа оқу жылы қарсаңында осындай шаралар қабылданбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осыған ұқсас талаптар жаңа оқу жылы қарсаңында Хэнань және Шэньси провинциясының бірнеше елді мекенінде де жарияланды. Бұған дейін ҚХР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комитет хабарлағандай, өткен сейсенбі күні құрлықтық Қытайда жаңа коронвирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1,4 млрд дозасы салынған. Өткен тәулікте Қытайда COVID-19 жұқтырудың 36 расталған жаңа жағдайы тіркелді, оның барлығы шетелден «әкелінген». Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, құрлықтық Қытайда коронавируспен ауырған науқастардың 94,38% жазылған. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап елде коронавирусқа шалдыққандардың саны 92 мыңнан асты. Өлім көрсеткіші – 5,32% (коронавирустан 4636 көз жұмған).

*****

Әйелдер теннисі қауымдастығы кезекті рет рейтинг жаңартты деп жазады Olympic.kz. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 20-орнын сақтап қалды. Юлия Путинцева жеті сатыға жоғарылап, 35-орынға көтерілді. Путинцеваның дәл бұлай жоғарылауына Будапешттегі турнирде жеңіске жеткені себеп болды. Зарина Дияс 99-шы орынды. Ерлер арасындағы АТР рейтингінде Александр Бублик үш сатыға төмендеп, 40-орынға құлдырады. Михаил Кукушкин 123-орында.