Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Олимпиада жүлдегерлеріне масканы шешуге рұқсат етті

Олимпиада жүлдегерлеріне масканы шешуге рұқсат етті

26 шілдедегі мәлімет бойынша Қазақстанда 83 084 адам коронавирус инфекциясынан (–81 077 + және 2007 КВИ-) емделіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды. Емделіп жатқандардың ішінде 23 868 пациент стационарда, 59 216 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 1444 адамның жағдайы ауыр, • 304 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 183 науқас жасанды тыны алу аппаратында аппаратында жатыр.

*****

26 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Түркістан облысы.

*****

Токиодағы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне Олимпиада ұйымдастырушылары марапаттау рәсімінде суретке түсу кезінде 30 секундқа масканы шешуге рұқсат етті. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BaigeNews.kz сайтына сілтеме жасап. Әнұран біткеннен кейін спортшыларға максимум 30 секундқа маска шешуге болатыны туралы белгі беріледі. Бұл кезде жүлдегерлер бұрынғыша әлеуметтік арақашықтықты сақтау керек болады. Бұдан кейін олимпиадашыларға масканы қайта тағу керектігі жөнінде тағы бір белгі беріледі. Сол кезде маска таққан жеңімпаздармен олардың тұғырында суретке түсуге рұқсат етілмек. Еске сала кетейік, Қазақстан әзірге биылғы Олимпиада ойындарында екі «қола» алды. Еліне жеңісті дзюдошы Елдос Сметов пен ауыр атлетші Игорь Сон әкелді.

*****

Токио Олимпиадасында стенд атудан іріктеу кезеңі аяқталды. Екі күнге созылған бәсекеден кейін қазақстандық мергендер келесі кезеңге өте алмады, деп жазады Olympic.kz. «Скит» жаттығуы бойынша сынға түскен спортшылар бес раунд бойы іріктеу кезеңін өткізді. Іріктеу нәтижесі бойынша алты спортшы ғана келесі айналымға өтеді. Өкінішке қарай, қазақстандық Әсем Орынбай мен Зоя Кравченко үздіктер қатарына іліге алған жоқ. Зоя Кравченко 113 ұпаймен 22-орын алса, Әсем Орынбай 111 ұпаймен 26-сатыда қалды. Финалға өткен спортшылар көшін 124 ұпай жинаған қытайлық Вэй Мэн бастап тұр.

*****

Дзюдодан 73 келіде сынға түскен Қазақстан командасының мүшесі Жансай Смағұлов үшін Токио Олимпиадасы аяқталды, деп жазады Olympic.kz. Смағұлов үшінші айналымда канадалық Артур Маргелидонмен кездескен болатын. Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, жеңімпаздар қосымша уақытта анықталды. Бірінші болып «ваззари» ұпайын алған Канада өкілі келесі айналымға өтті.