Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 28.07.2021

Қорытынды жаңалықтар 28.07.2021


Екі аптаның ішінде Қазақстан бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтыру деңгейі 1,9 есе өскен. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, тәулік сайын ауырғандардың орташа көрсеткіші маусым айына қарағанда 5,2 есе артты. 1 шілдедегі жағдаймен салыстырсақ, инфекциялық және реанимациялық төсек жүктемесі 3 есе өскен. Инфекциялық төсек толымдылығы республика бойынша - 53 пайызға, реанимациялық төсек жүктемесі - 42 пайызға жетті,- деген Ведомство басшысы ауруханалардағы төсек-орын тапшылығы сезілуі мүмкін өңірлерді атады. «Тәуекел аймағында Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда облыстары тұр. Бірнеше өңірдің денсаулық сақтау жүйесі жоғары жүктемемен жұмыс істеп жатыр», - деді министр.

*****

Бүгіне отандық QazVac вакцинасының 600 мың дозасы қоймада тұр. Қазір бұл өнім қауіпсіздік бойынша тексеруден өтіп жатыр. Тамыз айында бұл вакцина ел өңірлеріне жеткізіледі. Айта өтейік, бүгінгі күнге дейін 5 млн 230 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпенің алғашқы компонентін алған. 3 млн 436 мыңдай азамат қос дозаны салдырды. Дегенмен, халық тарапынан жиын-той өткізу тыйылар емес,-дейді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният. Ол шектеуді жиі бұзатын өңірлерді атап өтті.

*****

Жыл басынан бері ойын-сауық мекемелерінің карантин тәрбін бұзуға қатысты 8,5 мыңға жуық факті тіркелді, оның 2 мыңға жуығы той өткізуге қатысты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров айтты. Оның айтуынша, бүгінде Ішкі істер министрлігі шектеу шараларының сақталуын бақылауда денсаулық сақтау органдарына көмек көрсетуді жалғастыруда.

*****

Жаңа оқу жылының алғашқы тоқсанында оқушылар қандай форматта білім алады? Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаевтың айтуынша, бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шығарып, оны Мемлекеттік санитарлық дәрігер бекітуі қажет. Эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде министрлік дәстүрлі оқыту форматына көшуге дайын», - дейді Жомарт Қарамбаев.

*****

Ал, енді Олимпиада ойындарының бүгінгі күнін қорытындыласақ, алдымен қазақстандық садақшы Санжар Мұсаев алғашқы айналымда қарсыласына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды. Дзюдошы Ислам Бозбаев екінші айналымда жеңілді. Осылайша, дзюдодан Қазақстан құрама командасы Токио Олимпиадасын бір қола жүлдемен аяқтады. Ел қоржынына қола жүлдені Елдос Сметов салған болатын. Сонымен қатар, жүзгіш Дмитрий Баландин ерлер арасында 200 м қашықтықты брасс әдісімен жүзуден финалға шыға алмады.Т иісті қашықтықты Дмитрий Баландин өз тобында жетінші болып жүзіп өтті.
Бұдан бөлек, Қазақстан намысын қорғаған бокшылар да осалдық танытты. Надежда Рябец, Серік Теміржанов, Бекзад Нұрдәулетов қарсыластарынан ұтылып, Олимпиаданы аяқтады. Велоспортшы Алексей Луценко да жекелей сында 32 –шы келіп, ТОП -30 қатарына ене алмады.

*****

Тек қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды. Ширек финалда Рыбакина испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездескен болатын. Әлемдік рейтингте 9-шы тұрған Мугуруса қазақстандық спортшыға қарсылық таныта алмады. Небары екі сетке созылған кездесуде Елена 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Токио Олимпиадасының финалына өту үшін жерлесіміз ертең әлемнің 12-ракеткасы швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.

*****

Қазақстандық гимнаст Милад Карими бүгін спорттық гимнастиканың көпсайыс түрінен бағын сынап жатыр. Бірақ Карими үздіктер қатарына іліге алар емес. Бұл жарыс қазір Қазақстан ұлттық телеарнасынан көрсетілуде. Дегенмен, жерлесеміз енлі екі финалда бақ сынайды. Еркін жаттығудан бәсеке 1 тамызға, гимнастикалық кермедегі финал 3 тамызға жоспарланған.
Сонымен дәл қазіргі уақытта Олимпиаданың медальдық есебінде үздік үштікте Жапония, Қытай, АҚШ спортшылары тұр. Қазақстан 3 қола медальмен 50-ші орынға ығысты.