Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде коронавирусқа шалдыққан 202 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Елімізде коронавирусқа шалдыққан 202 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққан 202 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 107 600 адам коронавирус инфекциясынан (–104 377 + және 3 223 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 29 623 пациент стационарда, 77 977 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 832 адамның жағдайы ауыр, 417 пациенттің жағдайы өте ауыр. 

///

Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасы облыс орталығында автовокзал жабылуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты түсінік берді. Ведомство басшысы Олжас Нұрғалиевтің айтуынша, 2021 жылдың шілде айының соңында «Қостанай автовокзалы» ЖШС-дан 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қаржылық жағдайына байланысты өз қызметін тоқтату туралы хат алынған. «Алайда, бүгінгі күнге дейін кәсіпорыннан «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ атына бекітілген үлгі (ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.01.2015 жылғы №4 бұйрығы) бойынша автовокзал қызметін тоқтату туралы тиісті хабарлама түскен жоқ. Бүгінгі күнде кәсіпорынға бюджет қаражаты есебінен материалдық көмек көрсету мүмкін емес. «Қостанай автовокзалы» ЖШС жеке кәсіпкерлік субъектісі болғандықтан, коммуналдық және басқа да қызметтер үшін қарыздарды өтеу үшін материалдық көмек көрсетуге қаржы бөлу бюджеттік заңнамада көзделмеген. Сондай-ақ, автовокзалдар мен автостанциялардың қызметін субсидиялаудың әзірленген және бекітілген қағидалары жоқ», - деп атап өтті ол. 

///

Коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын қабылдаған азамат Франциядан Британияға барса 10 күндік карантинде отырмайтын болды. Біріккен Корольдіктің қабылдаған бұл шешімі тамыздың 8-інен бастап заңды күшіне енеді. Осылайша Францияның басым бөлігі енді «сарғыл түсті» елдердің тізіміне енді. Тек Реюньон аралы әзірге «қызыл аймақта» қала бермек. Бұған өңірдегі эпидемиологиялық ахуал себеп. Ал «жасыл түсті» аймаққа Аустрия, Германия, Словения, Словакия, Латвия, Румыния мен Норвегия елдері енетін болды. Бұл мемлекеттерден келген туристер вакцинаның екі дозасының бар жоғына қарамастан Англияға карантинсіз қатынай алады.

///

Токио Олимпиадасында қазақстандық Мөлдір Жаңбырбай (55 келі) каратэ-додан жартылай финалға шықты. Ол В тобында сынға түседі. Қарсыластары - украиналық Анжелика Терлюга, жапониялық Михо Мияхара, австриялық Беттина Планк және египеттік Радван Сайед. Мөлдір Жаңбырбай 1997 жылдың 18 мамырында дүниеге келген. Ол каратэ-додан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, көпдүркін ҚР чемпионаттарының, спартакиадалардың, халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері. Қазақстандық спортшы түрлі жас деңгейінде 3 дүркін Азия және 3 дүркін әлем чемпионы, Әлем кубогының иегері. Ол алғашқы жекпе-жегінде египеттік Радва Сайедпен шеберлік байқасты. Кездесу тартысты өтті. Алғашқы сәттерде қазақстандық спортшының басымдығы байқалып тұрды. Мөлдір Жаңбырбай алғашқы кездесуін сәтті өткізді. Алда әлі үш кездесуі бар. Радва Сайед 1997 жылдың 30 мамырында дүниеге келген. 2016 жылы әлем чемпионатында қола алса, Африка ойындарында 2015 жылы қола, 2019 жылы күміс жүлдегер болды. Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық каратэ -до шебері Дархан Асадилов Олимпиаданың жартылай финалына шықты.