Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды

Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды

Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту маңызды. Үкіметте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов пен ЭЫДҰ-ның жаһандық қатынастар жөніндегі хатшылығының Еуразия бөлімінің басшысы Уильям Томпсон кездесу барысында осы мәселені талқылады.

Ұлттық даму жоспары ел саясатын ЭЫДҰ стандарттарына жеткізуді және 2025 жылы Ұйымға мүшелікке өтуге өтініш дайындауды қарастырады. Премьер-Министрдің орынбасары Ә. Смайылов ұзақ мерзімді серіктестікке жаңа серпін беру үшін ынтымақтастықтың жаңа форматы ретінде Action Plan әзірленіп жатқанын, онда өзара әрекеттесудің нақты бағыттары болатынын атап өтті.

«Біз Қазақстанда ЭЫДҰ стандарттарын дамыту үшін ұйыммен тығыз байланысты жалғастыруымыз керек. Біз ұлттық статистика мен сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ынтымақтастықтың оң тұстарын көріп отырмыз. Сонымен қатар бизнес ортаны дамыту, инвестициялар тарту, тиімді мемлекеттік басқару, заңдылықты қамтамасыз ету сияқты бағыттарды қамту қажеттілігі жоғары», — деді Ә. Смайылов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ЭЫДҰ-ның бірқатар аймақтық бастамаларының белсенді қатысушысы. Атап айтқанда, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы желі, Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия үшін экологиялық іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі арнайы жұмыс тобы және табиғи ресурстарды пайдалануға негізделген даму мәселелері бойынша саяси диалог тәрізді жобаларды қолдауда.


Дереккөз: Primeminister.kz