Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

2016 жыл – ширек ғасырдағы Қазақстан (1-бөлім)

2016 жыл – ширек ғасырдағы Қазақстан (1-бөлім)

2016 жыл. Бұл жаңа Қазақстан тарихында айтулы кезең ретінде есте қалды. Себебі дәл осы жылы мәңгілік елге ұмтылған жас мемлекет тәуелсіздігіне ширек ғасыр толды. Тарих жылнамасы үшін саусақпен санарлық 25 жыл ішінде Қазақ елі қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай табыстарға қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Елбасының мемлекетті дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асты. Осы орайда, 2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа арнаған Жолдауында ҚР-ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бұл - тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.»,- деп алдағы кезеңде кездесетін сын-қатерлерден мүдірмей өтуге шақырған болатын.

2016 жыл Елорда тарихы үшін елеулі кезең болды. Өйткені ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған шаралардың басым бөлігі осы қалада өтті. Солардың қатарында тікелей елбасының қатысуымен өткен Республикалық жастар форумы, судьялардың 7 съезі және тоғызыншы Астана экономикалық форумы да бар еді. Сондай-ақ дәл осы жылы Алашорда үкіметінің төрағасы болған Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдығы аталып, тарихта сұрапылдығымен есте қалған ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толды. 

Ия, бүгінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды қарқынды жүргізіп, бәсекелестіктің биік белестерін бағындыруы елорданың дамуымен етене байланысты. Себебі Нұр-Сұлтан қаласы Тәуелсіз Қазақ елінің төл туындысы. Расында, аз уақыт ішінде шаһар жоқтан бар жасап, әлемдік деңгейде өз орны бар, қалың қазақ жұртының бой тұмарына айналды. Қала құрылған сәттен бастап мәдени орындар көбейіп, жаңа ғимараттар бой көтерді. Сондай нысанның бірі Астана балет театры. Бұл мәдени ошақ елбасының нұсқауымен 2013 жылы құрылғанымен оның жаңа ғимараты 2016 жылы пайдалануға берілді. Бұл ел мәдениетіндегі тарихи сәт еді.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек 2016 жылға дейін Қазақстанның жалпы ішкі өнімі доллармен есептегенде 20 есе, орташа еңбекақы 17 есе өскен. Шамамен 2 миллионға тарта жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар халықтың күнкөріс деңгейі де едәуір өскен. Егер 90-шы жылдардың басында әрбір үшінші адам Қазақстанда кедейшілік шегінің арғы жағында өмір сүрсе, 2016 жылы бұл көрсеткіш дан да төмен болған». Сондай-ақ 2016 жылдың ең басты оқиғасы ретінде жыл соңында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декларацияның қабылдануын айтуға болады. 

Ия, Еліміз тәуелсіз дамуының жиырма бес жылы ішінде қандай жетістікке жетті дегенде, ең басты нәтиже де мына мәселелерді айтуға болады. Олар: әлем таныған жаңа тұрпатты демократиялық-құқықтық мемлекет, саяси-әлеуметтік тұрақтылық, рухани келісім, ішкі және сыртқы қауіпсіздікті одан әрі нығайту, дәйектілікпен жүргізілген жүйелік әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар арқылы қол жеткізілген экономикалық өсу. Еліміздің іргесі берік, тәуелсіздігі баянды болғай!