Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мәжіліс «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасын қарайды

Мәжіліс «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасын қарайды

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бюро отырысында депутаттар қарауына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы және оған ілеспе заң жобалары бірінші оқылымда ұсынылады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы және Салық кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.

Күн тәртібінің жобасында жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасын бірінші оқылымда ілеспе түзетулерімен қарау қарастырылған. Сондай-ақ, бірінші оқылымда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы жоспарланған.

Осы заң жобасының негізгі міндеттері - жануарларға қарау кезінде жалпы және арнайы талаптар белгілеу, жануарларды қатыгез қараудан, азап пен қырылудан қорғау, жануарларды қатыгездікпен өлтіруге жол бермеу, қоғамның адамгершілігі мен ізгілігін нығайту, қаңғыбас жануарлардың санын реттеу саласындағы ақпараттың қауіпсіздігін, ашықтығын, азаматтардың өзге де құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Мәжілістің бейінді комитеттері алдағы жалпы отырыста Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы заң жобасын және Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық кодексін жұмысқа алады.


Ақпарат көзі: parlam.kz