Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Qazsport» телеарнасындағы Португалия – Өзбекстан матчы рейтингте көш бастады

«Qazsport» телеарнасындағы Португалия – Өзбекстан матчы рейтингте көш бастады

«Qazsport» телеарнасындағы Португалия – Өзбекстан матчы рейтингте көш бастады 

Әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында «Qazsport» телеарнасынан көрсетілген Португалия – Өзбекстан матчы барлық телеарналар рейтингінде ең жоғары көрсеткішке ие болды.
Кездесуді телеарна мен сайт арқылы 2 млн-ға жуық көрермен тамашалаған. Матчтың рейтинг көрсеткіші 4,76 пайызды, ал көрермен үлесі 45,1 пайызды құрады (K Research Central Asia деректері).
Сонымен қатар ТОП-5 матчтың қатарына енген Португалия – Конго ДР кездесуін - 1 680 161, Аргентина – Аустрия матчын - 1 300 582, Испания – Кабо-Верде ойынын - 1 200 275, Германия – Кюрасао кездесуін 1 100 042 адам тамашалаған.
Телеарна рейтингіндегі ТОП-5 матч:
Португалия – Өзбекстан — Rtg: 4,76% | Shr: 45,1%
Португалия – Конго ДР — Rtg: 3,61% | Shr: 37,8%
Аргентина – Аустрия — Rtg: 3,42% | Shr: 33,5%
Испания – Кабо-Верде — Rtg: 2,88% | Shr: 24,1%
Германия – Кюрасао — Rtg: 2,86% | Shr: 32,5%
Қазір Әлем чемпионатының 1/16 финал ойындары өтіп жатыр. Алда жанкүйерлерді бұдан да тартысты әрі шешуші кездесулер күтіп тұр.
Ойындарды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен, сондай-ақ qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттары мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн көре аласыздар.