Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тәулік тынысы 16.11.2021

Тәулік тынысы 16.11.2021

Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына дайындығы баяндалды. Бауыржан Байбек Елбасына өңірлерге жұмыс сапарларының қорытындылары, сондай-ақ, Nur Otan партиясының мәслихаттардағы фракцияларының сайлауалды бағдарламаларын орындау жөніндегі отырыстарының нәтижелері туралы ақпарат берді. Нұрсұлтан Назарбаев партияның орталық аппараты мен өңірлік филиалдарына саяси кеңестің кеңейтілген отырысын өткізуге сапалы дайындықты жалғастыруды тапсырды. Айта кетейік, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 23 қарашада Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын шақырту туралы қаулыға қол қойды.

*****

Мемлекеттік білім грантының қаражаты студенттің есепшотына түсуі тиіс. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Келесі мәселе мемлекет жастарға білім беру үшін жоғары оқу орындарына өте көп грант бөледі. Бүгінде бір студентті оқыту құны шамамен 4 млн теңге. Грант саны жыл сайын артып келеді. Енді қаржыландыру тәсілін өзгерткен жөн. Қаржы тікелей грант иесіне берілуге тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

*****

Елімізде 4 мыңға жуық медицина кадры жетіспейді. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Облыс орталықтарында, әсіресе аудандар мен ауылдарда білікті дәрігерлер аз. Өйткені, аймақтарда оларға қажетті жағдай жасалмаған.», - деді Мемлекет басшысы. ҚР Президент кадр тапшылығының тағы бір себебі – мамандардың шетелге кетуі екендігін баса айтты.

*****

Реформаларымыздың түпкі межесі – ұлттың сапасын жақсарту деді Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында. Жаңғыру тәрбиеден бастау алады. Сондықтан, біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беруіміз керек. Жастардың бойына ең ізгі қасиеттерді сіңіре білген абзал», – деді Президент.

*****

«Елде еуропалық сапаны қамтамасыз ету жөніндегі ESG стандарты енгізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Аккредиттеу агенттіктерінің жұмысы да жоғары білім сапасын көтеру үшін - маңызды. Біз аккредиттеу агенттіктерінің жауапкершілігін көтеру үшін өзгерістер енгіздік», - деді министр.

*****

Еліміздің баяу интернет пен сапасыз байланыс үшін мобильді байланыс операторларына 104 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитеті Радиожелілік спектрін пайдалануға рұқсат беру басқармасының басшысы Ерлан Дүйсен айтты. «Біз 465 тексеру жүргіздік. Нәтижесінде мобильді байланыс операторлар жұмысынан кемшіліктер шығып, оларға 104 млн теңгеге айыппұлы салынды. Сонымен қатар біз ауылдарды сапалы интернетпен қамту жұмыстарын жасап жатырмыз», - деді Ерлан Дүйсен.

*****

Елордада Pfizer вакцинасы 339 адамға егілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, жасөспірімдер арасында екпе алғандардың 127-сі 16-17 жас аралығындағы бала.

*****

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары өңір жұртшылығына алдағы 3 күнде көлікпен алыс жолға шықпауға кеңес берді. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше , ертең облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында қар жауады. Өңірдің батысы мен солтүстігінде боран соғады. Өскемен мен Семей қалаларында бұрқасын мен көктайғақ күтіледі», - делінген ақпаратта. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының автожолдарында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді. Кешкі сағат 6-дан бастап «Өскемен-Шемонаиха - РФ шекарасы» тасжолы мен Белоусовка ауылы және Риддер қаласы аралығындағы жолда тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері, жолаушы таситын көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.