Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері

Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматуллин бүгін палатаның жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданған биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша ұсынылған түзетулер туралы айтты. Заң жобасы тауар биржалары қызметінің талаптарын және ашықтығын арттыруға, биржалық сауданы дамыту үшін бәсекелес орта мен жағдайлар жасауға, сондай-ақ биржалық сауда көлемін ұлғайтуға бағытталған.

*****

Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар форумында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Президенттік жастар кадрлық резерві мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты туралы айтып берді. «Дарынды жастарды қолдайтын стратегиялық шараларының бірі – жастардың кадрлық резерві болды. Бұл жоба жоғары білікті жас мамандардың мемлекеттік басқару жүйесіне түсуіне мүмкіндік берді. Қазір президенттік кадрлық резервке қабылдаудың екінші кезеңі жүріп жатыр. Оның аясында қосымша 150 жас маманды іріктелмек», - деді Аида Балаева жастар форумында. Министр елімізде ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес және БАҚ салаларындағы жастардың 30 жобасы мен бастамасын қолдау мақсатында жыл сайын берілетін «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бекітілгенін де айтты. Оның көлемі - үш миллион теңге.

*****

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру аясында биылғы жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 5,8 мың шақырым болатын учаскелерде жол жүру үшін ақы алудың ашық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу көзделген». Бұл туралы Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин «Ақылы автомобиль жолдарын енгізу» тақырыбында өткен баспасөз-конференциясында айтты.

*****

Алматыда коронавирус жұқтырған 458 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының өкілдері хабарлады. Бір тәулікте қалада 123 адам коронавирус жұқтырған. «Инфекциялық стационарларда 458 адам жатыр. оның 24 –і бала». Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 51 адам жатыр. Ал 14 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

*****

Алматыда Pfizer вакцинасын алуға ниет білдірушілер көп. Бұл туралы №7 емхананың бас дәрігерінің орынбасары Нұрбол Жұмабеков брифингте айтты. Оның сөзінше, Алматыда күн сайын 132 вакцинация пункті, оның ішінде №7 қалалық емхананың екпе салу бөлмесі жұмыс істейді. «жасөспірімдердің, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың белсенділігі қуантады. Науқан басталғаннан бері біздің емханада 324 адам екпе алды, оның ішінде 11 жүкті әйел, 31 бала емізетін ана 282 жасөспірім бар», - деді Нұрбол Жұмабеков.