Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі Филиппен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі Филиппен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Бельгияда жүр. Президенттің сапары осы елдің королі Филиппен кездесуден басталды. Толығырақ Брюссельден әріптесім Альбина Әшім тарқатады.

*****

Сондай-ақ Президент Еуропалық кеңес Президенті Шарль Мишельмен келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шарль Мишель Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімнің тиімді жүзеге асырылуына баса мән бере отырып, Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық салалар бойынша ықпалдастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысының айтуынша, ЕуроОдақ – Қазақстан экономикасына жалпы 160 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйған ең ірі инвестор. Ал Қазақстан – ЕуроОдақтың Орталық Азия аймағындағы ең ірі сауда серіктесі. Өзара сауда айналымы 24 миллиард долларға жеткен.

*****

Ресейдегі «Листвяжная» шахтасындағы жарылыстан аман қалғандар жоқ. Өндірістік апат салдарынан қаза болғандардың жалпы саны алты тау-кен құтқарушысын қоса алғанда, 52 адам. Қаза болғандардың көбінің денесі шахтада жатыр, - деп хабарлайды Тасс. Бұған дейін Ресейде шахтадағы жарылыстан қаза болған 11 адамның денесі анықталғаны туралы хабарланған болатынбыз.

*****

26 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қызыл» аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай өңірлері. «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан аймақтары.