Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бүгіннен бастап JETI QAZYNA коллекциялық монеталары сатылымға шығады

Бүгіннен бастап JETI QAZYNA коллекциялық монеталары сатылымға шығады

Бірер сәттен соң Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай және өңдеу өнеркәсібін дамыту тақырыбы қаралады. Жиынды прайминистр кз сайтынан онлайн көруге болады.

*****

Швейцария конфедерациясына жұмыс сапарымен бараған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстан мен Дүниежүзілік сауда ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары, оның ішінде ДСҰ-ға мүше елдер министрлерінің 12-ші конференциясына еліміздің төрағалық ету мәселесі талқыланды. Президент ДСҰ-мен арадағы ынтымақтастықтың маңыздылығы туралы айта келе, пандемия жағдайында Ұйымның әлемдік экономиканы қайта қалпына келтіру ісіндегі негізгі рөліне назар аударды.

*****

«Болжамым бойынша, жаңадан қолданысқа берілуі тиіс шаршы метрлер қазіргі сұранысты қанағаттандырып, бағалар тұрақтанады. Бұл туралы телеарналардың біріне сұхбат берген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты. Сондай-ақ, министр құрылыс саласында жұмыс күші неліктен жетпей жатқанын түсіндірді. «дәнекерлеушілер жетпей жатыр. Жұмыс істеп жүрген жастардың, екі қолға бір күрек сұрап жүрген еңбекке жарамды халықтың көп екеніне қарамастан, құрылыс саласында вакансиялар бар. Қазір Білім және ғылым министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз. Құрылыс саласындағы қауымдастықтармен бірге нарыққа қажет жұмысшы мамандықтардың тізімін жасадық», - деді Бейбіт Атамқұлов.

*****

Алматыда желтоқсан оқиғасына қатысқандарға 150 мың теңгеден беріледі. Алматы әкмінің орынбасары Мақсат Қиқымовтың айтуынша, ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында әкімдік тиісті құжаты бар желтоқсан оқиғасына қатысушыларға жыл сайын біржолғы әлеуметтік көмек төлейді. Қазіргі уақытта санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну мәселесі қарастырылып жатыр. Әлеуметтік қорғау мақсатында Алматы қаласында тіркелген және тұратын басқа мемлекет аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне: Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай 100 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету. Сондай-ақ, Алматы қаласында қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру үшін жеңілдікті электрондық көлік картасы енгізілді (тегін).

*****

Бүгіннен бастап Қазақстан Ұлттық банкі «Дала қазынасы» сериясымен шыққан JETI QAZYNA коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады. Номиналы 500 теңгелік монеталар мен блистерлік жинақ www.kazcoins.nationalbank.kz платформасында банк интернет-дүкені арқылы сатылады.

*****

Бүгін елдің басым бөлігінде күн ашық болады. Республиканың батысында ғана еуропалық циклон жырасы әсерінен қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады, тұман түседі. Атырау облысының батысы мен шығысында жел соғады. Маңғыстау облысының батысы мен орталығында шаңды дауыл көтеріледі. Қостанай облысының оңтүстігінде, Солтүстік-Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі.