Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Stopfake.kz сайты 1900-ден астам жалған ақпаратты анықтады

Stopfake.kz сайты 1900-ден астам жалған ақпаратты анықтады

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Париждегі ядролық «бестік» конференциясының қорытындысы бойынша бірлескен коммюнике қатысты мәлімдеме жасады. Қазақстан ядролық қарусыздану мен ядролық қаруды таратпаудың жаһандық режимін нығайтудың дәйекті жақтаушысы бола отырып, Шартты әмбебаптандыруды және оның ережелерін барлық қатысушы мемлекеттердің мүлтіксіз орындауын қолдайды, Шолу конференциясын нәтижелі өткізу мақсатында ашық, инклюзивті және транспарентті диалогты қамтамасыз ету қажеттілігін ұстанады. Шарт шеңберіндегі ядролық мемлекеттердің ерекше мәртебесі мен жауапкершілігін назарға ала отырып, ядролық «бестік» Париж кездесуінің қорытындыларын жоғары бағалаймыз» делінген мәлімдемеде.

*****

Семейде бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқитын болды. Бұл жайында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты. Оған сенсек, 7 желтоқсан күні Семей қаласында ауа райы күрт суытып, қалада көктайғақ болады. Осыған байланысты бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды. Оқушылар сабақты онлайн форматта қашықтан оқиды делінген таратылған ақпаратта.

*****

Қазақстанда өткен тәулікте 545 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Сонымен қатар 1 165 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. 6 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін - 8 млн 795 мың 168 адам, екінші компонентін – 8 млн 203 мың 255 адам алды.Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес «Қызыл» аймақта бір де бір өңір қалған жоқ. «Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. «Жасыл» аймақта Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

*****

Stopfake.kz сайты 1900-ден астам жалған ақпаратты анықтады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады. Биыл ведромства құрған Stopfake.kz сайты оқырмандар аудиториясының медиасауаттылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастыртырып, Қазақстанның ақпараттық алаңында таратылған 900-ге жуық жалған хабарламаларды анықтады. StopFake сайтының жұмысының нәтижесінде карантиндік шектеулер туралы вирустық хабарламалар, COVID-19 вакцинациясының қауіптілігі туралы теріс ақпарлар, биылғы парламенттік сайлау туралы жалған ақпараттарды атап өтуге болады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің тұрақты мониторингі жүргізіледі.

*****

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізіп, қарсыласын 2:1 есебімен жеңді. Енді «Барыс» 9 желтоқсанда елордада Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды. Айта кетерлігі, «Барыс» бұдан бұрын Ресейде «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасынан басым түскен еді.