Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей әлем чемпионы болды

Қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей әлем чемпионы болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстауға арналған салтанатты іс-шара өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған сыйлық Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген. Грант ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Ғылым», «Мәдениет», «Бизнес», «Ақпараттық технологиялар», «Медиа» бағыттары бойынша беріледі. 14-29 жас аралығындағы жастар грант алуға үміткер бола алады. Бүгін үздік 30 жобаға 3 млн теңгеден табысталмақ.

*****

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Палата төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, ілеспе заң жобасы үкіметтік нұсқада 3 кодексті және 10 заңды қоса алғанда, 13 заңнамалық актіге өзгерістер енгізуді көздейді.

*****

АҚШ президенті Джо Байден ресейлік әріптесімен видеоконференция өткізіп, Владимир Путинге қатаң ескерту жасады. Ақ үй басшысының мәлімдеуінше, Ресей әскері Украинаға басып кіретін болса, Вашингтон мен Еуропа одағы Киевке қару беріп, Мәскеуге қарсы жаңа экономикалық санкциялар жариялайды. Дегенмен Кремльдің айтуынша, Ресей армиясы Украинаға шапқыншылық жасауға ниеттенбей, қорғаныс позициясын ғана ұстанып отыр. Айта кетсек, екі лидер виртуалдық келіссөзді екі сағат бойы жүргізді.

*****

Биыл 36 гектар алқапқа 180 млн түп ағаш отырғызылған. Бұл жұмыстарға 12 млрд теңге жұмсалған. 5 жылда 2 млрд ағаш отырғызу жұмыстарының барысымен таныстырған Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы жылы тағы 280 млн, ал 2023 жылы 410 млн түп ағаш отырғызу жоспарда бар. Мемлекет бюджетінен бұл мақсатқа 81 млрд теңге бөлінген.

*****

Бүгін Мәскеу уақытымен сағат 10:38 минут кеткенде мінген Ресейдің «Союз» кемесі ғарышқа ұшады. Олар – Юсаки Маэзава мен Йозо Хирано. Саяхатшылармен бірге орбиталық бекетке ресейлік космонавт Александр Мисуркин де атанады. Күн шығыс елінің миллиардері мен кинопродюсері космоста 12 күн болмақ. «РИА «Новости» агенттігінің хабарлауынша, «Союз» кемесі 12 жылдан бері алғаш рет ғарышқа саяхатшыларды жеткізуді жоспарлап отыр.

*****

Ауыр атлетикадан өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық спортшы алтыннан алқа тақты. Ташкентте жалауын көтерген дүбірлі додада Арли Чонтей зілтемір көтеруден жүлделі орынға қол жеткізді. Сөйтіп жарыстың алғашқы күнінде-ақ ел қоржынына медаль түсті. Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Арли Чонтей берілген алты мүмкіндікті де сәтті пайдаланды. Жұлқа көтеруде 118 келіні, серпе көтеруден 142 келіні еңсеріп, бүкіл қарсыласын басып озды.