Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Анимациялық фильм жасайтын маман әлі тапшы

Анимациялық фильм жасайтын маман әлі тапшы

Бүгін "FILMFAN" бағдарламасына Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының ұйымдастыруымен тұңғыш рет өтіп жатқан қысқаметражды, анимациялық және деректі фильмдердің ShortAnimaDoc апталығы арқау болды.

Әсіресе, ҰКҚМО-ның былтыр өткізген питчингінен қолдау тапқан бес анимациялық фильм мамандарымен еліміздің мультипликация саласы туралы келелі мәселелер көтерілді.

ҰКҚМО Басқарма төрағасының орынбасары Абзал Сансызбайұлы орталықтың да, кино туралы заңның да құрылып, ашылғанына үш-ақ жыл болғанын, орталық атқаратын мәселенің әлі де қыруар екендігін атап өтті: "Өзбек ағайында, мысалы, әлі кино туралы заң жоқ екен. Олардан бұрын сол заңды жасағанымызға қуандық. Дегенмен, түзейтін, өзгертетін тұсы әлі көп".

ҰКҚМО жыл сайын питчингті ашық түрде өткізеді. Бөлінетін қаржы да халықтан жасырын емес. Былтырғы бес анимациялық фильм: «Алтын адам» (Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм»

АҚ), «Кенже қыз» («Адай Продакшн анимациялық студиясы» ЖШС), «Колыбельная» («Dala animation» ЖШС), «Еркетай» («ArtMaral» ЖШС) мультфильмдері және «Караван Историй» («ЫрысыАқҚазақстан» ЖШС) анимациялық сериалының өндірісіне 1 млрд. 100 млн. теңгеден астам сома жұмсалған.

Басқарма төрағасының орынбасары Абзал Мұхимовтың айтуынша, көп қаражат жұмсамай, әр фильмге 30-50 млн теңге шамасында бірнеше анимациялық фильм түсіруге болады. Бастысы, бәсекелестік орта қалыптасса, мықты да сапалы дүниені шығаруға болады.

Ал хабарға қатысқан "Кенже қыз" сериалының продюсері Айбике Рахымжанова қыз балаларға үлгі ететін батыл қыз образын жасауды мақсат ете отырып, "Кенже қызды" жасап шыққандарын, жуырда отандық арналар мен кинотетарлардан көре мүмкіндігі болады.

Белгілі анимациялық фильм режиссері Ділшат Рахматуллин анимациялық фильм тек 2000 жылдардан кейін ғана еңсесін көтере бастағанын, қазір анимациялық кино компаниялардың көптігін, бірақ маман тапшылығын атап өтті.

М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, кинотанушы Дана Әмірбекова анимациялық "Кенже қыз" фильмінің идеясы жақсы болғанымен, кейіпкерлерінде жан жоқтығы, әлі тірілтуді қажет ететіндігін айтып өтті.

ShortAnimaDoc апталығының соңғы күні - 10 жетоқсан. Барлық фильмді көру тегін. Елордалық көрерменді "Арман" кинотеатрына қарай шақырамыз.

Бағдарламаның толық нұсқасын төмендегі аудиодан тыңдай аласыздар.

Алматыдағы "Арман" кинотеатры төрт күн бойы кино саласының тек кәсіби мамандарына ғана емес, қарапайым жұртшылыққа мемлекет қаржысына түсірілген фильмдерді көрсетті. "Мұндай алаңдар жас режиссерлер үшін аса қажет. Бұл көрсетілім - көрермен мен автор арасындағы диалог" деді режиссер Мәди Қайыржан "FILMFAN" бағдарламасының тікелей эфирінде.

ҰКҚМО Бас продюсері Адай Құнанбайұлы Әбілдинов алдағы уақытта киноорталық жас киногерлердің өнерін қолдау

мақсатында осы сынды шараларды жиі ұйымдастыратындығын айтты.

 Бағдарламаға қатысқан Самғар Рақымның "Көше ақыны" атты қысқаметражды фильмі биылғы "BAIQONYR" фестивалінде "Үздік монтаж" жүлдесін ұтып алған болатын. Автор ҰКҚМО ұйымдастырған питчингте жобасын қорғап, қаржыландыруға ие болған. Алдағы уақытта сараптама мүшелері тарапынан қолдау тапқан жобалар ведомствоаралық комиссия отырысында да қолдау тапса дейді. Ал қаншама жыл "Айтуға оңай" жобасында қызмет еткен

Бегалы Шибикеевтің осы жобада істегелі қоғамның әлеуметтік шындығын, проблемаларын қозғауға ниеті ауған. "Әлеуметтік тақырыпты экранизациялау арқылы көп проблемаға тұсау болуға болады" дейді автор.

7-10 қаңтар аралығында ShortAnimaDoc көрсетілімі Нұр-Сұлтан қаласында көрсетіледі.