Нұр-Сұлтан - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ТЖ кезеңінде несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар болмайды — ҚНРДА

ТЖ кезеңінде несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар болмайды — ҚНРДА

Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова екінші деңгейлі банктердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жұмыстары туралы айтып берді.

«Банк секторындағы ахуал тұрақты. Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету және халық пен бизнес үшін банктік қызметтерді толықтай көрсету үшін банктердің меншікті капиталы мен өтімділігінің айтарлықтай қоры бар. Банктер капиталының жеткіліктілігі ең төмен талаптардан 3 есе көп, өтімділік те реттеу мәндерінен 4 еседен асады», — деді М. Әбілқасымова.

Ұлттық банкпен бірлесіп банктер өтімділігінің қосымша қорын құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Халыққа және бизнеске қолдау көрсету үшін биылғы 11 қаңтарда Агенттік төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың кредиттері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін беру бойынша бұйрық қабылдады.

Төтенше жағдай кезеңінде кредиттер бойынша төлем мерзімі өткен жағдайда, айыппұлдар мен өсімпұл есептеуге тыйым енгізілді, сондай-ақ шағым-талап жұмысы тоқтатыла тұрады. Мемлекет басшысының тұтынушылық кредиттеуді реттеу бойынша нақты әрі шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін Агенттік мынадай шараларды іске асыратын болады. Біріншіден, банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігін пруденциялық реттеу шеңберінде жеке тұлғалардың тұтынушылық кредиттері бойынша тәуекел-саралауды ұлғайту жолымен шаралар қабылданатын болады.

«Естеріңізге сала кетейін, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Агенттік кредиттер бойынша борыштық жүктеме коэффициентін белгіледі, ол қарыз алушының ай сайынғы табысы сомасының 50%-ынан аспайды. Тиісінше, қарыз жүктемесі мен несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі неғұрлым жоғары болса, банктің меншікті капиталына қойылатын талаптар соғұрлым жоғары болады. Бұл банктердің капиталына қысымды арттырады және тұтынушылық кредиттеудің шамадан тыс өсуін шектейді», — деп атап өтті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы.

Борыш жүктемесі коэффициентін есептеу қатаңдатылады. Есептен қарыз алушыда тұрақты кірістің болуын дәйекті түрде растай алмайтын кірісті айқындау өлшемшарттары алып тасталады. Тәуекелге бағдарланған қадағалау шеңберінде банктерге және микроқаржы ұйымдарына қатысты тәуекелі жоғары тұтынушылық кредиттер бойынша қосымша шектеулер енгізу де қарастырылады. Екіншіден, Үкімет әзірлеп жатқан жеке тұлғалардың банкроттығы тетігі шеңберінде жеке тұлғалардың банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы кредиттері бойынша, оның ішінде коллекторлардың өндіріп алуына берілген проблемалық берешегін реттеу жөнінде шаралар қабылданатын болады. Үшіншіден, Агенттік жеке тұлғалардың кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелердің шекті мәндерін реттеу, сондай-ақ кредиттер бойынша сыйақының тиімді мөлшерлемелерінің есебіне қарыз алушының кез келген комиссиялары мен төлемдерін қосу бойынша шаралар қабылдайтын болады. Бұл жаңадан берілетін кредиттер бойынша халықтың борыш жүктемесінің өсуін шектеуге мүмкіндік береді. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының елден капиталды негізсіз шығаруды шектеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін Агенттік Ұлттық банкпен және Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп биылғы 10 қаңтарда трансшекаралық қаржылық операцияларды жүргізуге бақылау шараларын күшейту туралы бірлескен бұйрықты қабылдады.

«Күдікті трансшекаралық операциялар тізбесі, сондай-ақ клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары бойынша қаржылық мониторинг субъектілерінің іс-қимыл тәртібі белгіленді», — дейді М. Әбілқасымова.





Дереккөз: primeminister.kz