Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ҚР ҰҚК: Қазақстанның 14 өңірінде жағдай тұрақтанды

ҚР ҰҚК: Қазақстанның 14 өңірінде жағдай тұрақтанды

Ағымдағы кезеңде Қазақстан Республикасының 14 өңірінде жағдай тұрақталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

Осы себепті терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық жедел штаб (бұдан әрі-РЖШ) Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының аумақтарында терроризмге қарсы операцияның аяқталғанын және террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейінің жойылғаны туралы хабарлайды.

Бұл ретте, Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында жаппай тәртіпсіздік кезінде террористік және өзге де қылмыстық әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша шаралар іске асырылуда.

Тиісінше аталған өңірлерде терроризмге қарсы операция жалғастырылып, террористік қауіптіліктің шекті «қызыл» деңгейі сақталуда.

Шешімді РЖШ басшысы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» № 611 жарлығының талаптарына сәйкес қабылдады.