Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Қазақстан халқына» қорына 20 миллиардқа жуық қаржы түсті

«Қазақстан халқына» қорына 20 миллиардқа жуық қаржы түсті

«Қазақстан халқына» қорының Қамқоршылық кеңесінің алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті.  Жиында қайырымдылық қоры қызметінің тұжырымдамалық мәселелері талқыланды,- деп хабарлайды «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының баспасөз қызметі.

Қамқоршылық кеңес мүшелері Қордың халықпен өзара іс- қимыл тетіктеріне, Қазақстандықтардың Қорға қалай жүгінетініне, өтінімдер қалдыруына басты назар аударды. Қор сондай-ақ қайырымдылық ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен және қайырымдылық көмек көрсетуге тартылған басқа да ұйымдармен ынтымақтастық форматын айқындауы тиіс. Өзара іс-қимылдың негізгі құралы Қордың электрондық порталы болғаны дұрыс. Оңтайлы шешім қабылдау үшін «Қазақстан халқына» қоры қызметінің тұжырымдамасын әзірлейтін жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар, Қамқоршылық кеңесінің мүшелері қызметкерлерді, ең алдымен мемлекеттік қызметкерлерді, бюджеттік сала қызметкерлерін бір күндік жалақыны аударуға мәжбүрлеу жағдайлары туралы өз пікірлерін білдірді. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері осы тәжірибемен үзілді-кесілді келіспейтіндіктерін айтты. «Біз барлық қазақстандықтарға үндеу жасаймыз және «Қазақстан халқына» қоры тек жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтарынан қалыптастырылатынына тағы да назарларыңызды аударамыз. Сонымен қатар, біз Қорға өз үлестерін қосқан қазақстандықтар мен ұйымдарға алғыс айтамыз және өз тарапымыздан көмектің мұқтаж адамдарға жететініне кепілдік береміз», - деп атап өтті Қамқоршылық кеңесінің мүшелері. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 16-19 қаңтар аралығында (қоса алғанда) Қоғамдық қорға 16 167 қазақстандықтан 29.3 млн теңге, 75 заңды тұлға мен ірі кәсіпкерлерден 19.2 млрд теңге түскен.

*****

Алматыда азық-түлік бағасын негізсіз көтергендерге қатаң шара қолданылмақ. Ол үшін үй жанындағы дүкендерге мониторинг жасалады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты. Айта кетейік, қалада 3 жарым мыңдай дүкен бар. Бағаны реттеу үшін өткен аптадан бері оларға 67 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тікелей жеткізілген. «Дүкендер қосатын үстеме 15 пайыздан аспауы тиіс. Сондықтан, талапты бұзғандар туралы құзыретті органдарға жеткіземіз. Қымбатшылық болмау үшін базарларға картоп, сәбіз және ет нарықтан 20 пайыз төмен бағамен делдалсыз жеткізіліп жатыр. Нанның бағасын - 85, күнбағыс майын - 585 теңгеден асырмау үшін меморандум жасалды» - деді әкім.

*****

Бақытжан Сағынтаев қаланың қазіргі ахуалына да тоқталып, зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілері 3 ай коммуналдық төлемнен босатылатынын айтты. Ол шығын жергілікті бюджеттен төленбек. Сондай-ақ, кәсіпкерлер 6 айға жалға алу ақысынан босатылады, бірақ, бұл мәселені әр орталық жеке қарайды. Одан бөлек кәсіпкерлерге 1 жылға 2 пайызбен 10 млн теңгеге дейін несие берілмек.

*****

Қазіргі уақытта 124 744 адам коронавирус инфекциясынан (–123 205+ және 1 539 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 8 929 пациент стационарда, 115 815 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында: • 396 адам хал үстінде жатыр. Қазір «Сары» аймақта Түркістан облысы тұр. «Жасыл» аймақта ешқандай өңір жоқ. Қалған облыстар «қызыл» аймақта орналасқан.