Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ПАВЛОДАРЛЫҚ ҒАЛЫМДАР КӨБЕЛЕКТІҢ ЖАҢА ТҮРІН ТАПТЫ

ПАВЛОДАРЛЫҚ ҒАЛЫМДАР КӨБЕЛЕКТІҢ ЖАҢА ТҮРІН ТАПТЫ

Отандық ғалымдар елімізде көбелектің жаңа түрін тапты. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл біздің елге тән емес, ерекше лепидоптера жәндіктері, яғни түнгі Catocala helena көбелектері жайлы. Көбелектің бұл түрін Қарағанды даласынан Торайғыров энтомологы Сергей Титов және оның Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы мен ҚР БҒМ ҒК Зоология институтындағы әріптестері ашқан.

«Бұрын Catocala helena Ресейдің Қиыр Шығысында, Кореяда, Қытайда және Моңғолияда жалпақ жапырақты ормандарда өмір сүрген. Соңғы жылдары ол Забайкальеде, Батыс Сібірде байқала бастады және Қазақстанды айналып өтіп, Catocala helena Оңтүстік Оралға және Ресейдің еуропалық бөлігіне Еділ бойына жетті. Алайда қазір біздің зерттеулеріміз көбелектердің бұл түрі Қазақстанда да пайда болғанын көрсетіп отыр. Біз бұл инвазивті түрдің болашақта Қазақстан табиғатына қандай әсер етуі мүмкін екенін анықтау үшін Catocala helena-ның әрі қарай еліміздің аумағында да, шетелде де өмір сүру салтын бақылаймыз», - дейді Сергей Титов.

Сондай-ақ ғалымдар Catocala helena-ның неліктен шығыстан батысқа қарай қоныс аудара бастағанын және бұған дейін біздің фаунамызға белгісіз басқа инвазиялық жәндіктер осы көбелектерге ілесе ме, жоқ па, соны анықтауы керек.