Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ақтөбеде соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден біржолғы төлем беріледі

Ақтөбеде соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден біржолғы төлем беріледі

1995 жылдан бері елімізде Конституциялық кеңес жұмыс істеп келеді. Реформаға сәйкес, Конституциялық сот құрылғанымен, кеңес заңдық күшін сақтайды. Қорғаушы Абзал Бекбосыновтың айтуынша, қарапайым азаматтармен қатар, үнемі адам құқығын бұзу жағдайларын қарайтын Омбудсмен институты мен Прокуратура да конституциялық сотқа жүгіне алады.

*****
Биыл импорт алмастыратын 165 жоба іске қосылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты. Оның айтуынша,  жобалардың басым бөлігі  Атырау облысында іске асырылмақ.
*****
Ал ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, саладағы импортты алмастыру үшін 92 жоба іске асады.
*****
Президент сынынан кейін QAZAVTOJOL БҚО филиалының директоры жұмыстан босатылды. Бұдан басқа аймақтағы жол жөндеу жұмыстарының кешігуіне байланысты QAJ орталық аппараты мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің басшылықтағы бірқатар қызметкерлері мен мамандары жауапқа тартылды. Бұған дейін   Президент ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан Батыс Қазақстан облысындағы күре жолдар проблемасы бойынша Үкіметке және аймақ басшысына тапсырма жүктеген еді.
*****
Ақтөбеде соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден біржолғы төлем беріледі.  Қазіргі таңда облыста 8 соғыс ардагері бар. Олардың алтауы Ақтөбе қаласында, екеуі Мұғалжар және Хромтау аудандарында. Ал Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушыларына теңестірілгендер саны – 1933. Оларға төленетін біржолғы көмек әр қайсысына 50 мыңнан 100 мың тенге аралығында. Сонымен қатар, тыл ардагерлеріне 50 000 теңге беріледі. Нәтижесінде облыс бойынша 5415 адам жалпы сомасы 378 млн теңге бірреттік төлеммен қамтылады.