Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

200 мыңнан астам жұмысшының табысын арттыру көзделіп отыр

200 мыңнан астам жұмысшының табысын арттыру көзделіп отыр

200 мыңнан астам жұмысшының табысын арттыру көзделіп отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Жобаларды жүзеге асыру барысын квазимемлекеттік сектордағы ірі компаниялардың басшылары елге түсіндіріп айтуы керек. Бұл туралы елордада «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарына арналған жиында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. «Халықтың табысын арттыру бағдарламасын сарапшылар қоғаммен біраз талқылады. Оны өте маңызды, халыққа керек жоба деп атап өтуге болады. Бұл бағдарламаға еліміздің барша министрлігі және бүкіл аймақтағы әкімдер тікелей жауапты. Оның негізгі бағыты нақты жұмыс орындарын құруға арналған», - деді Ералы  Тоғжанов. Осы орайда ол жоспар бойынша «Самұрық-Қазына» қоры құрамындағы компанияларда жұмыс істейтін 200 мыңнан астам адамның табысын арттыруға екпін қойылғанын атап өтті.

*****
Биыл Жаңаөзенде бір мың адам жұмысқа орналастырылады. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев айтты. «Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында «ҚазМұнайГаз» компаниясы жергілікті атқарушы органдармен тығыз жұмыс істеп, қолдау көрсетіп жатқанын атап өткім келеді. Осы жылы Жаңаөзенде бір мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 682 адамды «ӨзенМұнайГаздың» қолданыстағы жұмысына орналастыру алгоритмі бойынша қамтысақ, ал 318 адам мердігерлік ұйымдарда қызмет ететін болады», - деді компания басшысы «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарын жүзеге асыру жөніндегі кеңесте. Оның атап өтуінше, «ӨзенМұнайГаз» компаниясының бюджетінде аталған адамдарды жұмысқа орналастыруға қажетті қаражат көзделген.
*****
ІІМ заңсыз қару тапсырғандарға өтемақы береді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.  Қаруды  өтемді тапсырғаны үшін төлемдер мөлшері олардың түріне, техникалық күй-жайына байланысты әр бірлігі үшін 30 мыңнан 306 мыңға дейін әр түрлі болады.Сыйақы көлемін әр облысытық, қалалық және аудандық полиция органдарында құрылатын комиссиялар белгілейді, - деді Ыдырысов.  Ол атап өткендей  «Заңсыз сақталған қаруды сатып алу акциясы  үнемі өткізіліп тұрады.
*****
«Бір апта ішінде елде  3 266 қылмыс жасалды, оның 2 033-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері 6 кісі өлтіруді, 7 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 38 тонау және 463 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын «ізін суытпай» ашқан». Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек министрлік ұйымдастырған брифингте айтты.