Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тәулік тынысы 12.05.2022

Тәулік тынысы 12.05.2022

Елде жылдық инфляция деңгейі артты. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деп мәлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша,  оған негізінен азық-түлік бағасының қымбаттауы әсер етіп отыр.

*****

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биылғы үш айда елдегі құрылыс секторы 9,5%-ке өскенін айтты. Тұрғын үйді пайдалануға беруде  ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент қаласында, Алматы және Павлодар облыстарында байқалған.

*****

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,8 пайызға орындалды.  Бұл туралы Үкімет отырысында белгілі болды. Үкімет басшысының орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, бюджетті игеруде Қаржы, Мәдениет және спорт, Қорғаныс, Ішкі Істер министрліктері артта қалып отыр.

*****

5 маусымда өтетін республикалық референдумда  11 өңір халқы жақтап дауыс берсе, Конституцияға өзгеріс енгізіледі. Егер бұл көрсеткішке қол жеткізілмесе, онда түзетулер қабылданбайды,-дейді бүгін өткен брифингте  ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова.

*****

Айта кетейік, Конституциялық референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 млрд 400 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Орталық сайлау комиссиясы тиісті есепті ұсынды. Үкімет осыған байланысты Қаулы қабылдады. Қаржы республикалық бюджеттен, Үкімет резервінен бөлінеді.

*****

Республикалық референдум кезінде «Дауыс беруге қатысу құқығым бұзылды» деп есептеген азаматтар прокурорлар мен сотқа жүгіне алады. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин  айтты. Ол атап өткендей анонимдік үгіт материалдарын таратуға, сондай-ақ реферндумға 1 күн қалғанда және референдум өтетін күні үгіт жүргізуге тыйым салынады.  «Ол үшін  әкімшілік жауаптылық қарастырылған», - деді Бас прокурордың аға көмекшісі.

*****

Ел аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға уақытша тыйым салынды. Шектеуді енгізуге еліміздің қайта өңдеушілері үшін шикізаттың тапшылығы мен өндірістің тиісті деңгейде жүктелмеуі әсер етті. Бұл туралы Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов айтты.
*****

Ертеңнен  бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы жолаушылар әуе тасымалы екі есе артады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев  айтты. «13 мамырдан  бастап Анталия және Бодрум бағыттарында қатынайтын Air Astana , SCAT, Turkish Airlines әуе компанияларының рейс саны біртіндеп артады. Қосымша рейстер Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Шымкент және Өскемен арқылы іске асырылады.

*****

Алматыда  сакура ағаштары отырғызлды. Оны Takeda биофармацевтикалық компаниясы Алматыдағы Онкология институтының аумағында  отырғызды. «Ағаш отырғызу Онкология институты мен елімізге қатерлі ісікке қарсы инновациялық препараттарды жеткізетін жетекші фармацевтикалық компания арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың символы. Сакуралармен бірге 50-ге жуық бұталар отырғызылды, олардың ішінде хост гүлі, арша, қызыл бөріқарақат, раушан сияқты сәндік өсімдіктер де  бар. Takeda өкілдері атап өткендей, компания инновациялық онкологиялық препараттарды әзірлеу мен өндіруді дамытуда. Айта кетейік, елімізде жыл сайын 35 мыңнан астам жаңа қатерлі ісік ауруы тіркеледі. Қазіргі уақытта диспансерлік онкологиялық есепте 196 мыңнан астам қазақстандық тұр. Жыл сайын елімізде қатерлі ісіктен 15 мыңға жуық адам көз жұмады.