Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде қант пен шикі қантты экспорттауға тыйым салынды

Елімізде қант пен шикі қантты экспорттауға тыйым салынды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағынан қант пен шикі қантты экспорттауға 6 ай мерзімге тыйым салатын бұйрық шығарды, деп хабарлайды Қазақпарат. Бұйрық 23 мамырдан бастап күшіне енеді.  

*****

Елордадағы тұрғын үй кешенінің сегізінші қабатының терезесінен құлағалы тұрған қызды құтқаруға атсалысқан екінші жігіт Сағи Жылқышиев «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Елордалық Төтенше жағдайлар департаменті 11 мамыр күнгі баланы құтқару операциясына Сәбит Шонтақбаевпен бірге қатысқан Сағи Жылқышиевтің кеудесіне де жарқыратып төсбелгі тақты. Екі достың бірлескен күш-жігерінің арқасында бүлдіршін бір қатерден аман қалған.
*****

Елордада халықарлық отбасы күніне орай дөңгелек үстел өтті. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өткен шараға халықаралық ұйым өкілдері мен қоғамдық бірлестік мүшелері қатысты. Қазіргі қоғамдағы отбасының жай-күйі және оларды мемлекеттің қолдауынан елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көруге болады. Жиынның басты мақсаты да осы болды. Отбасыдағы өзекті мәселелерді шешіп, қолайлы жағдай жасау арқылы мемлекеттің дамуына үлес қосу керек дейді Елордадағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының» директоры Әсемгүл Садыр.  

*****

Жамбылдық полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 10 қару, граната және 600-ден астам патрон тапты. Тараз қаласы аумағынан табылған қарулардың  арасында Калашников автоматы, екі Макаров тапаншасы, «Компакт» маркалы тапанша, тегіс ұңғылы карабин, қос ауызды тегіс ұңғылы мылтық, «ИЖ-56» екі ұңғылы құрама мылтық, травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы шолақ мылтықтар, 2 жарық-шу гранатасы, әртүрлі калибрлі 648 патрон бар. Қаруларға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

*****

Оралда түрмеде жазасын өтеушілер төбелесіп, 10 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 10 мамыр күні шамамен сағат таңғы 5-те қауіпсіздігі орташа РУ-170/2 мекемесінде болған. Мекеме жазасын өтеушілер бір-бірімен сөзге келіп, соңы бұзақылық әрекетке ұласқан. 10 минут ішінде кезекші жасақтың күшімен төбелес тоқтатылған. Барлық қатысушыға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіліп, облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілген.

*****

Ыстанбұлда бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін үш отандасымыз рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz. Турнирдің ширек финалы үшін 2016 жылғы әлем чемпионатының жеңімпаздары Валентина Хальзова мен Ләззат Күнгейбаева сынға түседі. Сонымен қатар, Гүлсая Ержан да Түркиядағы шаршы алаңға шығады. Спортшыларымыздың тартысты бәсекелерін елорда уақытымен 20:55-те Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.